15 қазан 2026 · 3 мин оқу
Қазақстанда қанша жасырын travel-менеджер бар?

Freedom Travel платформасында бір жыл ішінде 13,4 мың адам 20 немесе одан да көп рет әуе билетін сатып алған. Бұл бір адамға орта есеппен 34 тапсырыстан келеді, яғни айына үшке жуық билет.
Олардың көбі билетті өзіне емес, әріптестеріне алуы мүмкін. Бұлар — кеңсе менеджерлері, ассистенттер, бухгалтерлер мен бөлім басшылары. Лауазым атауында travel сөзі болмаса да, олар travel-менеджердің жұмысын апта сайын атқарады.
Сондықтан біз оларды жасырын travel-менеджерлер деп атадық. Оларды қалай есептегенімізді, қандай жүктеме көтеретінін және бұл көзге көрінбейтін жұмыстың компанияларға қаншаға түсетінін айтып береміз.
Қалай есептедік
Біз Freedom Travel платформасындағы 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі 12 айда жасалған әуе билеттерінің иесіздендірілген сатып алуларын талдадық. 524 мың сатып алушының 13,4 мыңы 20 немесе одан да көп тапсырыс берген. Мұндай жиілік адамның билетті тек өзіне ғана алмайтынын көрсетеді.
Бұл — тек біздің сатып алушыларымыз. Демек, бүкіл ел бойынша мұндай адамдар одан да көп.
Лауазымдық нұсқаулықта жазылмаған жұмыс
Жылына 34 тапсырыс — бұл 34 рет басылған батырма ғана емес. Әр тапсырыстың артында рейс пен қонақүй таңдау, басшымен келісу, төлем жасау және құжаттарды тексеру бар.
Корпоративтік броньдау деректеріне сүйенсек, билеттердің 67%-ы ұшуға бір апта немесе одан аз уақыт қалғанда, ал әр бесінші билет бір күн қалғанда сатып алынады. Билеттердің шамамен 8,5%-ы кейін қайтарылады немесе ауыстырылады — бұл әр он екінші билет. Шұғылдық пен қайта рәсімдеу де жасырын travel-менеджердің мойнына түседі.
Ең бастысы — жауапкершілік. Рейс сағат 23:00-де тоқтатылса, жолаушы әуе компаниясына емес, сол адамға хабарласады. Билет жеке картадан сатып алынса, аванстық есеп те соның мойнында.
«Жұмысқа әкімші болып кірдім, ал жарты жылдан кейін күнімнің жартысын билет іздеумен өткізетінімді түсіндім. Мұны ешкім жоспарлаған жоқ: бір рет сұрады да, содан басталып кетті». — кеңсе менеджері, IT-компания, Алматы
«Билет сатып алу — ең қиыны емес. Қиыны — түнде рейс тоқтатылғанын, адамның әуежайда тұрғанын жазған кезде. Олар әуе компаниясына емес, маған хабарласады». — басшының ассистенті, құрылыс компаниясы, Астана
«Командама билеттерді өзім сатып аламын. Бір жылда қырыққа жуық ұшу жиналады, әр жолы үш сайттағы бағаны салыстырамын». — сату бөлімінің басшысы, дистрибуция, Атырау
Бұл компанияға қаншаға түседі
Уақыт. Екі қызметкердің Алматыдан Астанаға іссапарын ұйымдастыруға шамамен 5,5 сағат кетеді: билет таңдау, деректерді тексеру және бәрін келісу қажет. Егер жылына осындай 34 сапар болса, бұл 187 сағат немесе 23 жұмыс күні. Әр тапсырысқа кететін уақытты екі есе қысқартқанның өзінде, іссапарларды ұйымдастыруға жылына екі жұмыс аптасынан көп уақыт кетеді.
Сағатына 3 500 ₸ мөлшерлемемен бұл бір қызметкердің уақытына жылына 650 мың ₸-ге дейін жетеді. Ал 13,4 мың жасырын travel-менеджердің барлығын есептегенде, жылына 1,2–2,5 млн жұмыс сағаты шығады. Бұл — ең жоғары бағалау, бірақ мәселенің ауқымын көрсетеді.
Салықтар. Кәдімгі B2C-арнада жеке картамен сатып алынған билетті есепке алу қиындайды.
Тарифтер. Корпоративтік келісімшарттарсыз қонақүйлердің жеңілдіктері болмайды — бізде олар reception бағасынан орта есеппен 22%-ға дейін жетеді. Ал travel-саясаты реттелмеген компания тарифтерге тағы 10–15% артық төлейді.
Қызметкерлердің уақытын қалай үнемдеуге болады
Іссапарлар ешқайда жоғалмайды. Бірақ жасырын travel-менеджердің жұмысын бірнеше есе жеңілдетіп, оның негізгі міндеттеріне уақытын қайтаруға болады.
Freedom Business Travel бұл үшін мыналарды ұсынады:
- Бірнеше сағат емес, бірнеше минутта таңдау. Self-booking пен AI-агент іссапарды таңдау уақытын 92%-ға қысқартады — бұл әр сапарда шамамен бір жұмыс күні. AI сапарды толық жинақтап, компанияның лимиттері мен ережелерін өзі ескереді.
- Түнгі тоқтатулар — сіздің мәселеңіз емес. Қолдау қызметінде тәулік бойы нақты мамандар жұмыс істейді. WhatsApp-та да екі минут ішінде жауап береміз.
- Жеке картадан төленген чектер болмайды. 9 қызметке бір келісімшарт, кейін төлеу, ЭШФ, орындалған жұмыстар актісі және келесі айдың 10-на дейінгі шоттар. ҚҚС-ты есепке алуға болады, әр сапардың жеке шығыс бабы болады.
Компанияңызда бүкіл кеңсеге билет сатып алатын адам бар ма? Оған осы мақаланы жіберіңіз — оның еңбегі көрінетінін білсін.
Ал компанияңыз іссапарларды ұйымдастыруда қанша үнемдей алатынын есептегіңіз келсе, [email protected] поштасына бір сапардың мысалын жіберіңіз. Біз сіздің деректеріңіз бойынша есеп жасап береміз.