Aviata.kz — IATA халықаралық әуе транспорты қауымдастығы аккредитация берген ресми агенттік. Air Astana әуе компаниясының билеттерін онлайн брондауға, ақысын Visa/MasterCard картасымен онлайн әрі ақшалай төлеуге мүмкіндік беретін компания.
Эйр Астана (Air Astana) — 2001 жылы тіркелген Қазақстан компаниясы. Алғашқы рейсі — Алматы – Астана — 2002 жылғы 15 мамырда ұшты.
Эйр Астана (Air Astana) — Қазақстанның тұрақты түрде елдің ішінде және шетелге ұшып жүрген ең ірі компаниясы. Көбіне Алматы мен Астана әуежайларынан ұшады. 2016 жылғы желтоқсанға дейін Еуропа одағының елдеріне ұшатын жалғыз қазақ компаниясы болып келді.
Эйр Астанаға (Air Astana) Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігі (EASA) ұшақтарға 145 директива талаптарына сай техникалық қызмет көрсету сертификатын берді.
2011 жылы «Эйр Астана» Халықаралық әуе транспорты қауымдастығының (IATA) халықаралық эксплуатация қауіпсіздігі аудитінен өткен әуе компаниялары регистіріне (IOSA) тіркелді. Қазір ол Қазақстанның осы регистрдегі жалғыз әуе компаниясы саналады.
Эйр Астананың бағыттары
2020 жылғы мәліметке сенсек, Эйр Астана 60 қалаға ұшады, олардың қатарында Қазақстанның ірі қалалары бар. Әуе компаниясы Ресей және Орталық Азия қалалары арқылы да ұшып жүр. Олардың саны жылдан жылға өсіп келе жатыр. 2009 жылы Баку, Ташкент, Душанбе, Тбилиси, Самара, Екатеринбург, Үрімші, Бішкек, Новосибирск пен Санкт-Петербург, 2012 жылы Омбы мен Қазан рейстері ашылды.
Тасымалдаушы оңтүстік және шығыс Азияға ұшып жүр. Мысалы, Дели, Сеул, Баңгок, Бейжің, Хоңкоң, Куала-Лумпур мен Хошимин қалаларына. Ал Астанадан Франкфурт, Париж, Хитроу, Тбилиси мен Тегеранға баруға болады. Бірақ бұл рейстердің кейбірі маусымы келгенде ашылады. Сондықтан билет алар бұрын рейс бар-жоғын біліп алыңыз.
Ұшақтар паркі
Эйр Астана ұшақтарының көбі — Airbus, Boeing мен Embraer өндірген заманауи әрі жайлы, қауіпсіз борттар. Олардың жалпы саны — 35, одан бөлек компания тағы бірнеше ұшақ жасауға тапсырыс берді.
Эйр Астана жолаушыларына екі класс қызметін ұсынады: эконом-класс пен бизнес-класс. Бірақ класқа қарамай жолаушыларға міндетті түрде ыстық тамақ пен алкоголь сусындар беріледі. Кей бортта фильм қарайтын және музыка тыңдайтын құрылғылары болады.
Эйр Астана (Air Astana) алған жүлделер
Эйр Астана компаниясы 2001 жылдан бері түрлі жүлдеге ие болып келеді:
Жаңартылған күн: