Aviata.kz — IATA халықаралық әуе транспорты қауымдастығы аккредитация берген ресми агенттік. SCAT әуе компаниясының билеттерін онлайн брондауға, ақысын Visa/MasterCard картасымен онлайн әрі ақшалай төлеуге мүмкіндік беретін компания.
SCAT әуе компаниясының ішкі бағыттардан бөлек Алматыдан Ыстамбұл, Мәскеу, Санкт-Петербург пен тағы басқа қалаларға ұшатын рейстері бар.
Aviata.kz-тің билет іздеу жүйесі тез әрі ыңғайлы. Біздің сайттан көптеген әуе компаниясының, соның ішінде Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі — SCAT-тың тиімді билеттерін таба аласыз.
Компанияның бас әуежайлары Алматы, Астана, Ақтау мен Атырауда орналасқан.
SCAT Қазақстан ішінде ғана емес, Ресей, Украина, Тайланд, Қытай, Түркия, Өзбекістан, Грузия, Армения, Монғолия мен Үндістанға да ұшады.
Бір жақысысы: SCAT Қазақстанның барлық дерлік әуежайына ұшады, билеттерінің бағасы да тиімді.
SCAT туралы
SCAT әуе компаниясының тарихы 1997 жылы Алматы - Шымкент және Алматы - Қызылорда бағытымен ұшқан ұшақтан басталды. Содан бері ол күн өткен сайын дамып, 2012 жылы жолаушылар санын 1 миллионға дейін жеткізді.
Қазір SCAT — Қазақстанның ірі әуе компанияларының бірі.
Компания адам тасып қана қоймай, авиация саласына жоғары білікті мамандар дайындаумен де айналысады. Сертификатталған Авиация Оқу орталығында Қазақстанның ұшқыштар құрамы мен техникалық құрамын,жолсеріктер командасын дайындайды, қайта оқытады.
Жаңартылған күн: