FlyArystan (Флай Арыстан) — Қазақстанның қызметі арзан (лоукост) әуе компаниясы.
Флай Арыстан 2019 жылы Air Astana әуе компаниясының қолдауының арқасында ашылды. Компания жолаушыларын барар жеріне эконом-класы 180 орынды Airbus A320 ұшақтарымен жеткізеді.
FlyArystan билеттерін 2019 жылғы 29 наурызда сата бастады.
Тұтынушылар FlyArystan (Флай Арыстан) билеттерін Aviata.kz сайтынан не қолданбасынан сатып ала алады.
FlyArystan (Флай Арыстан) Қазақстанның өзге қалаларына бірнеше күнге багажсыз баратын адамдарға жарайды. Мысалы, іссапарға баратын жұмысшыларға, демалыс күндері үйіне қайтатын студенттер мен багажсыз ұшқысы келетіндерге.
Билеттердің бағасы мына факторларға байланысты төмен болады:
«Флай Арыстан» алғаш рет 2019 жылғы 1 мамырда Орал және Тараз қалаларына ұшты. Қазір әуе компаниясы Алматыдан мына қалаларға ұшып жүр:
FlyArystan-ның халықаралық бағыттары — Самарқанд (Өзбекстан), Күтаиси (Грузия), Ыстамбұл (Түркия), Баку (Әзербайжан), Дубай (БАӘ), Бішкек (Қырғызстан).
«Флай Арыстан» жолаушылары рейске компанияның сайтынан я әуежайдағы өзін-өзі тіркеу терминалына немесе тіркеу үстеліне барып тіркеле алады.
Онлайн тіркелу қызметі ұшу уақытынан 48 сағат бұрын ашылады. Әуежайдағы тіркеу рейске 2 сағат қалғанда басталып, 40 минут қалғанда аяқталады. Ұшу уақытынан 30 минут бұрын ұшаққа баруыңыз керек.
Қолжүгіңіз тегін өтсін десеңіз, салмағы 5 келіден асырмаңыз, ал өлшемі максимум 56x23x36 см болғаны жөн. Қолжүк біреу ғана болуы керек әрі жолаушының алдындағы орынның астына сыюы қажет.
Жолаушының қолындағы заттың бәрі қолжүк саналады. Мысалы, әйелдер сөмкесі, фото немесе бейнекамера, ноутбук, торт, гүл бумасы, әмиян, себет. Сондықтан заттарыңызды бір қолжүкке салыңыз.
Егер үлкен қолжүк керек болса, «Қолжүк плюс» пакетін сатып алып, үстінен 5 келі қоса аласыз.
«Флай Арыстан» бортына тіркелетін багаждың ақысы бөлек төленеді. Жолаушылар жалпы салмағы 60 келіден аспайтын бірнеше багаж ала алады. Оның максимум санына шектеу қойылмады. Әр багаждың салмағы 30 келіден, ал көлемі 158 сантиметрден аспауға тиіс. Бестен астам багаж өткізем десеңіз, оларды тіркеу үшін тіркеу үстеліне 1 сағат 30 минут бұрын баруыңыз керек.
Қолжүк пен багаждың ақысын төлеу қажет болса, мына үш амалдың бірін таңдауға болады:
«Флай Арыстан» бортынан тамақ ішу билет бағасына қосылмайды, оның ақысын бөлек төлеу қажет. Жолаушылар қосымша ақыға ыстық сусын, тіскебасарлар, алкогольсіз және алкогольді сусындар, арнайы түскі ас комбосын ала алады.
Арнайы асқа ұшарға 24 сағат қалғанда тапсырыс беру керек. Ақысын ұшақ бортында ақшалай немесе банк картасымен төлеуге болады.
Жаңартылған күн: