Энрике Иглесиас Қазақстанда екі концерт қояды

Жаңалық 2 мин оқисыз
19.03.2026

Энрике Иглесиас Қазақстанда екі концерт қояды

Концерттер 2026 жылғы қыркүйекте Алматы мен Астанада өтеді

Enrique Iglesias — испан әншісі әрі ән авторы, латын поп жанрындағы ең танымал әртістердің бірі. Шығармашылық жолын 1990 жылдардың ортасында бастады, ал 2000 жылдары әлемге Bailamos, Hero, Escape және I Like It деген хит әндерін сыйлады. Әнші осы уақытқа дейін 100 миллион альбом юнитін сатып, латын поп королі деген атаққа ие болды. 

Энрике Иглесиас Қазақстанда өнер көрсетеді

Испан поп әншісі 3 қыркүйекте Астанада, 5 қыркүйекте Алматыда концерт қояды. Екі концерт те стадионда өтеді. 

Ұйымдастырушылар шоуларға көрші өңірлерден ғана емес, көрші елдерден де фанаттар келеді дейді.

Концерттердің билеті

ҚаласыКүніӨтетін жері
Астана2026 жылғы 3 қыркүйек «Астана Арена» стадионы
Алматы2026 жылғы 5 қыркүйек Орталық стадион

Билеттің ең арзаны 45 000 теңге тұрады. Баға қала, сектор мен орынға қарай өседі.

Билетті Freedom SuperApp-тан («Афиша») алсаңыз, 19% дейін кешбэк алуға болады! 

Концерт өтетін қалаларға ұшып бару

Шымкент → Алматы кемі 21 314 ₸

Ақтау → Алматы кемі 35 923 ₸

Ақтөбе → Алматы кемі 30 793 ₸

Шымкент → Астана кемі 24 914 ₸

Ақтау → Астана кемі 43 123 ₸

Ақтөбе → Астана кемі 27 193 ₸

Концертте не көрсетіледі?

Бағдарламада романтик баяу әндер де, бәрі жатқа білетін билейтін хиттер де болады. Концерт шамамен екі сағат жалғасады. Сол уақытта Энрике өз шығармашылығының әр кезеңін көрсетіп, ең танымал деген әндерін айтады.

Әнші әндерін жанды бәндпен бірге шырқайды, ал сахнаға концерттің сәнін келтірер жарықтар мен алып экрандар қойылады. Көрермендердің бәрі әртіске қосылып, ән шырқап, би билейді. Концертте Иглиесиас әртүрлі дәуірінде шыққан туындыларын шырқап айтады, сондықтан концерт оны бұрыннан тыңдап жүргенге де, жаңа фанатына да ұнары сөзсіз. 

Ұшақ билетінен қалай үнемдеуге болады??

Концертке ұшып барайын деп пе едіңіз? Билетіңізді Freedom SuperApp-тағы «Саяхат» бөлімінен алсаңыз, 11% дейін кешбэк аласыз. 

Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.

0

0

,

Басқа жаңалықтар:

Тайланд 90 астам елдің азаматтарына арналған визасыз режимнің мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты

Концерт туралы не белгілі