Грузияға кіруге қатысты жаңа ереже шықты
Ереже 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді
Грузияға кіруге қатысты жаңа ереже
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туристер Грузияға барар алдында медициналық сақтандыру жасатуға тиіс болады.
Сақтандыру мыналардың шығынын өтейтін болуы керек:
- ауруханаға барып ем алу;
- ауруханада жатып ем алу;
- жазатайым оқиға, жарақат, аяқ астынан шыққан ауру;
- медициналық эвакуация, репатриация.
Грузия барғанда керек болатын сақтандыруды қайдан жасатуға болады?
Грузияға кіруге керек сақтандыруды кез келген компаниядан алуға болады. Сақтандыру сомасы кемі 30 000 лари (~10 000 еуро) болуы керек. Полистің мерзімі Грузияда жүретін күндер (кіретін, шығатын күндер де) болуға тиіс. Құжат ағылшын я грузин тілінде жазылады.
Бізден сізге кеңес: турист сақтандыруын Freedom Life-тан алыңыз. Бір апталық сақтандырудың құны 3 000 теңгеден басталады.
Грузияға барар алдында тағы нені білген жөн
Грузияға бару үшін Қазақстан азаматтары виза жасатуға тиіс емес. Ол елде бір жыл бойы визасыз жүруге болады. Тек жарамды паспортыңыз болса болды. Грузияның шекарасынан соны көрсеткенде ғана өте аласыз.