Канье Уест Тбилисиде өнер көрсетеді

Жаңалық 4 мин оқисыз
12.05.2026

Канье Уест Тбилисиде өнер көрсетеді

Концерт туралы не белгілі

Канье Уест 2026 жылғы 12 маусымда Тбилисидің Dinamo Arena-сында концерт қояды.

Шоу әртістің Грузиядағы Starring Georgia-ның төртінші маусымы аясындағы жалғыз концерті болмақ. 

Starring Georgia — грузиннің концерт жобасы. Оның аясында шетелдік әртістер Грузияға барып, концерт қояды, сөйтіп жергілікті музыка туризмін дамытады. Ұйымдастырушылар Грузияда өтетін концертке де Лос-Анджелесте өткен концерттің сахнасы қойылады дейді. Ол сахна шар тәріздес айналмалы әрі 360 градус болады. 

Канье Уест деген кім?

Ye деп те белгілі болған Канье Уэст — америкалық рэпер әрі продюсер. 2004 жылы The College Dropout деген алғашқы әнжинағын шығарды, кейін Graduation, 808s & Heartbreak, My Beautiful Dark Twisted Fantasy, Yeezus және Donda деген альбомдарын шығарып, танымалдығы арта түсті.

Әншінің қоржынында 24 «Грәмми» сыйлығы бар. 2021 жылы ол сахна атын Ye деп өзгертті.

Билетін қайдан алуға болады?

Бұл концерттің билеттері 11 мамырда TKT.GE сайтында сатыла бастады. Ұшақ билетін алар бұрын концертке билет қалған-қалмағанын тексеріп алыңыз. Себебі Уест — өте танымал әртіс, концерті солдаут болуы мүмкін. 

Одан бөлек, бұрын Канье Уестің бірнеше концерті өтпейтін болып, билеттердің ақысы кері берілді. Civil Georgia Польша, Швейцария мен Ұлыбританияда өтуі керек концерттер өтпейтін болып, Франциядағы концерттің күні ауысты дейді.

Концерт қайда өтеді?

Канье Уестің концерті Тбилисидегі Dinamo Arena стадионында өтеді. Бұл стадион — Грузиядағы ең ірі стадион, ішіне 54 000 көрермен сыяды. 

Шоуға ертерек барып тұрған жөн. Билет тексеру ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан концертке кешікпей кіргіңіз келсе, бір-екі сағат бұрын барыңыз.

Грузияға Қазақстаннан бару

Тбилисиге ұшатын билетті Freedom SuperApp-тан алып, 11% дейін кешбэк алыңыз. Концерт өтетін күні емес, оған бір-екі күн қалғанда ұшып барыңыз. Сонда жолға, қонақүйге жайғасуға, стадионға асықпай баруға мол уақытыңыз болады. 

Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.

0

1

Султан Бахытджанов

автор,

Басқа жаңалықтар:

Тайланд 90 астам елдің азаматтарына арналған визасыз режимнің мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты

Түркияда өтетін F1 гран-приі: жарыс туралы ақпарат