Канье Уест Алматыда өнер көрсетеді
Концерт туралы не белгілі
Жақында Ыстамбұл мен Тбилисиде концерт қойған Америка рэпері Канье Уест енді Алматыда өнер көрсетпек.

Концерт туралы ең басты ақпарат
Өтетін күні: 14 тамыз 2026 жыл
Өтетін жері: Орталық стадион
Қаласы: Алматы
Билеті: кемі 120 000 ₸
Билетті Freedom SuperApp-тан («Афиша») алсаңыз, 15% дейін кешбэк алуға болады!
Канье Уест деген кім?
Ye деп те белгілі болған Канье Уест — америкалық рэпер әрі продюсер. 2004 жылы The College Dropout деген алғашқы әнжинағын шығарды, кейін Graduation, 808s & Heartbreak, My Beautiful Dark Twisted Fantasy, Yeezus және Donda деген альбомдарын шығарып, танымалдығы арта түсті.
Билетті Freedom SuperApp-тың "Афиша" бөлімінен алсаңыз, 15%-ға дейін кешбэк аласыз.

Канье Уесттің концертіне неге барғаныңыз жөн?
Йенің перформанстары — кез кезген жерде өзекті әңгіме. Оның себебі — әншінің жоғары сапалы шоулары.
Оның концерттерінде сахна рэпер айтқысы келген хикаяның басты бір бөлігі: әртіс Saint Pablo турында қозғалып тұратын сахнада ән шырқаса, Sunday Service турында концертін госпел, хор мен заманауи музыка жиылған перформансқа айналдырды, ал Yeezus Tour фанаттардың есінде түнек сценография, маска мен театрға сай шоу ретінде қалды.
Сондықтан Алматыда өтетін концерт фанат еместерге де қызық болады. Йенің бір-екі әнін білсеңіз де, шоуға шоу үшін барыңыз. Мына турда ол айналмалы шардың үстіне шығып өнер көрсетіп жүр.

Алматыға қалай жетуге болады?
Канье Уесттің Алматыда өтетін концертіне келгіңіз келсе, ұшақ және пойыз билетін Freedom SuperApp-тан алыңыз: бір тапсырыстан 30 000 теңгеге дейін кешбэк аласыз!
Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы —Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.
