2026 жылы Тайландқа кіру ережелері: нені білуіміз керек

Жаңалық 2 мин оқисыз
02.09.2024

2026 жылы Тайландқа кіру ережелері: нені білуіміз керек

Electronic Travel Authorization

Тайланд туристерге арналған жаңа ережелер шығарды. Ол елге кіру үшін енді арнайы рұқсат алу керек.

Кіру рұқсаты

2025 жылы Тайландта ETA (кіру үшін алатын электрондық рұқсат) іске қосылады. Оны Тайландпен визасыз режимі бар елдердің туристері алуға тиіс.

2024 жылғы желтоқсанда ETA пилот режимде іске қосылды. Ал 2025 жылғы маусымда толықтай істей бастады.

Кіруге рұқсат алу үшін ресми сайттан өтінім жібересіз. Ешқандай ақы төлемейсіз. Рұқсатты Тайландқа барған сайын алу керек.

Кіру рұқсаты бар саяхатшылар шекарадан өтерде автоматты қақпадан өте береді. Ол үшін ETA-дағы QR кодын cкандау керек. 

Қазақстан мен Тайланд арасындағы визасыз режим

 2024 жылғы 18 сәуірде Қазақстан мен Тайланд визасыз режим туралы шешімге қол қойған еді. Соның арқасында Қазақстан азаматтары Тайландта жарты жыл сайын 90 күнге дейін визасыз жүре алады.

Визасыз режим басталғалы бері Тайландқа барып көрдіңіз бе?

Тайландқа 93 елдің азаматтары виза алмай бара алады. Олар тек электрондық рұқсат алса болды, кедергісіз кіре береді.

4

1

,

Басқа жаңалықтар:

2027 жылғы 1 ақпанға дейін Airbus A321LR борттарында интернет жолаушылардың бәріне тегін болады

Бірақ электрондық рұқсат алу 2027 жылғы 1 шілдеден кейін ғана міндет болады

Әуе компаниялары Ереван, Измир, Әбу-Дәби, Баку, Дели, Шанхай мен басқа қалаларға тікелей ұша бастайды