BTS, The Weeknd, Harry Styles: 2026 жылы жұлдыздардың концертін қайда барып көруге болады?

Жаңалық 20 мин оқисыз
05.02.2026

BTS, The Weeknd, Harry Styles: 2026 жылы жұлдыздардың концертін қайда барып көруге болады?

Концерт және ұшақ билеттері

2026 жылы өтетін концерттерді бір жерге тізіп қойдық. Осы мақалада олардың билетін қайдан алуға болатынын, қай елге барған жөн екенін айтып бердік.

Концерт көру үшін басқа елге (қалаға) барар ма едіңіз?

Ed Sheeran (16 қаңтар – 7 қараша)

фото: ticketmaster.com

Ed Sheeran — британ әншісі әрі қазіргі ең танымал әртістердің бірі. Аты әлемге 2011 жылы бірнеше халықаралық чартқа кірген «The A Team» әнінің арқасында жайылды. Содан бері Эд Ширан талай хит шығарды: Photograph, Perfect, Shape of You, Thinking Out Loud, Bad Habits бен тағы басқасы. Оның кем дегенде бір әнін естігеніңіз анық. 

Эд Ширанды тыңдайсыз ба?

Жақында Эд Ширанның Play деген альбомы шықты. Қазір өтіп жатқан туры да сол альбомның құрметіне өтіп жатыр. Loop Tour туры 2026 жылғы 16 қаңтарда Жаңа Зеландияда басталды. Басқа концерттері Америка мен Аустралияда өтеді. Бұл — әншінің алтыншы туры. Ширан концертінде ескі әндерін де, жаңа әндерін де шырқайды. 

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Қазақстан азаматтары Эд Ширанның шоуын Аустралияға барып көргені абзал-ау. Иә, жолы ұзақ болады, бірақ ыңғайлы ауысып мінетін рейстер бар. Мысалы, Алматыдан Сиднейге Шанхай арқылы ұшатын рейс бар. 

Аустралияға бару үшін виза алу қажет. Оны онлайн жасатуға болады. Ақысы — 200 Аустралия доллары (70 000 теңгенің айналасы).

Виза керек пе? Freedom Travel-ға өтінім жіберіп, визаға қатысты ақыл-кеңес алыңыз.
ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Сидней, Аустралия13, 14 және 15 ақпанкемі 262 639 ₸
Мельбурн, Аустралия26, 27 және 28 ақпанкемі 206 689 ₸
Брисбен, Австралия20, 21 және 22 ақпанкемі 295 124 ₸

Концерттің билеті

Концерт билеттерін тек ресми сайттардан алыңыз. Бағасы өтетін жеріне қарай әртүрлі, ең кем дегенде 199 доллар (100 000 теңге шамалас). 

Бағасы: кемі 100 000 ₸

Ресми сайты: edsheeran.com/#tour

Tarkan (17 қаңтар – 3 шілде)

фото: tarkan.com

Тарқан — әйгілі түрік әртістерінің бірі. Шығармашылық жолын 90 жылдары бастап, әлемге Şımarık, Dudu және Kuzu Kuzu әндерінің арқасында танылды. 

Тарқан 2026 жылы Түркия, БАӘ мен Германияда өнер көрсетеді. Шоуында бұрыннан танымал хиттерін де, Yolla мен Sevdanın Son Vuruşu сияқты жақында шыққан әндерін де шырқайды.

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Қазақстан азаматтары Түркия, БАӘ мен Германияға бара алады. Виза жасатқым келмейді десеңіз, ең оңай жолы — Ыстамбұл мен Әбу-Дәби. 

Ыстамбұлға Ақтаудан барғысы келетіндер, ұшақ билетіне кемі 35 673 теңге төлейді.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Ыстамбұл, Түркия27, 30 және 31 қаңтаркемі 35 673 ₸
Әбу-Дәби, БАӘ17 сәуіркемі 88 348 ₸
Дортмунд, Германия3 шілдекемі 157 736 ₸

Концерттің билеті

БАӘ мен Түркияда өтетін концерттің билеттерін Ticketmaster-ден алуға болады, ал Германияда өтетін шоудың билеті Eventim сайтынан сатылады. Ең төмен бағасы — 61 мың теңге. 

Билет: кемі 61 000 ₸

Ресми сайты: tarkan.com/en/shows/

Linkin Park (18 қаңтар – 30 маусым)

фото: linkinpark.com

Linkin Park — 2000 жылдардың басында альтернатив рок пен ню-металға ықпал еткен Американың рок тобы. Оларды әлемге әйгілі еткен Hybrid Theory альбомы мен In the End, Numb, Somewhere I Belong және What I’ve Done әндері баяғыда шықса да әлі күнге дейін жанкүйерлерінің жүрегінде.

Бұл тур — топтың жеті жыл үзілісінен кейін өтетін бірінші туры. Оның From Zero деген аты топтың жаңа құрамын көрсету әрі топтың бірінші атына (Xero) деген құрметі.

Қазір Линкин Парк құрамында вокалист, ритм-гитарашы және кибордшы Майк Шиноду, соло гитарашы Бред Делсон, басист Дейв Фаррелл, диджей Жо Хан, вокалист Эмили Армстроң мен драммер Колин Бриттен өнер көрсетіп жүр.

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Еуропаға барғаныңыз жақсы! Ең тиімдісі – Мюнхен, Мадрид я Вена.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Стокгольм, Швеция29 мамыркемі 161 188 ₸
Вена, Аустрия9 маусымкемі 145 705 ₸
Мюнхен, Германия11 және 12 маусымкемі 106 889 ₸
Лиссабон, Португалия21 маусымкемі 204 226 ₸
Мадрид, Испания24 маусымкемі 135 076 ₸
Цюрих, Швейцария30 маусымкемі 204 312 ₸

Концерттің билеті

Концерттердің билетін Тикетмастерден алуға болады. Бағасы 84 еуродан басталады (~50 000 теңге).

Бағасы: кемі 50 000 ₸

Ресми сайты: linkinpark.com/tour

Kesha (24 қаңтар – 10 шілде)

фото: facebook.com/kesha

Kesha — 2010 жылдардың басында аты шыққан Америка әншісі. Дүйім жұртқа Tik Tok, We R Who We R мен Die Young клуб хиттерінің арқасында танымал болды. 

Бірақ оның музыкасы уақыт өте келе өзгерді: Rainbow альбомынан кейін Кешаның әндері өмірі туралы хикая мен эмоцияға толы бола түсті, әнші вокал, әннің мәтіні мен көркіне көбірек көңіл бөле бастады. Кейін шыққан релиздерінде поп, рок пен кантри жанрларын араластырды. 

Кеша қазіргі турын алтыншы альбомын жарнамалау үшін өткізіп жатыр.

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Кешаның концертін Еуропа одағының еліне я Ұлыбританияға барып көрген ыңғайлы болады. Барам деген Қазақстан азаматтары шенген я британ визасын алуға тиіс. 

Лондонға барған ең тиімдісі болмақ: Ақтаудан ұшатындарға билет аз дегенде 56 000 теңгеге шығады.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Берлин, Германия4 наурызкемі 87 878 ₸
Париж, Франция6 наурызкемі 144 216 ₸
Амстердам, Нидерланд7 наурызкемі 83 945 ₸
Лондон, Ұлыбритания16 және 17 наурызкемі 56 106 ₸

Концерттің билеті

Амстердам мен Берлинде өтетін концерттің билеттері сатылып кеткен. Алып-сатардан аламын десеңіз, абай болыңыз. Париж бен Лондонда өтетін концертке әлі билет бар екен. Оны Ticketmaster-ден алыңыз. Бағасы 52 фунттан (~36 000 теңге) басталады. 

Бағасы: кемі 36 000 ₸

Ресми сайты: keshaofficial.com/tour

Doja Cat (5 ақпан – 1 желтоқсан)

фото: facebook.com/DojaCat

Doja Cat — америкалық әнші, рэпер әрі ән авторы. Дожа мансап жолын YouTube-тан әзіл әндер шығарып бастаса да, аз уақытта заманауи поп музыканың атақты әртістерінің біріне айналды. 

Оның музыкасы хип-хоп, поп пен R&B аралас, ал жұрт оның әндерінің сазы мен қойылымдарының энергетикасын поп музыканың беткеұстар әртістердікімен салыстырады. Ең танымал әндері — Kiss Me More, Paint the Town Red, Say So, Woman.

2026 жылы Doja Cat Vie деген бесінші студио альбомының құрметіне тур өткізеді. Шоулары Латын Америкасы, Еуропа, Солтүстік Америка елдерінде өтеді. Тур жылдың аяғында бітеді деп жоспарланып отыр.

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Ең ыңғайлысы – Еуропаға бару. Мысалы, Берлинде я Парижде өтетін концертке барамын десеңіз, бір жаққа ұшатын билетке кем дегенде 103–111 мың теңге жұмсайсыз. Бірақ бір жаманы  шенген визасын алу керек. 

Лондонға барамын десеңіз, Ұлыбритания визасын бөлек жасатасыз.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Лондон, Ұлыбритания29 мамыркемі 158 617 ₸
Лиссабон, Португалия2 маусымкемі 162 425 ₸
Барселона, Испания4 маусымкемі 148 691 ₸
Париж, Франция9 маусымкемі 111 667 ₸
Амстердам, Нидерланд12 маусымкемі 137 600 ₸
Берлин, Германия17 маусымкемі 103 979 ₸

Концерттің билеті

Дожа Кәттің концертінің билетін Livenation мен Ticketmaster-ден ала аласыз. Бір билеттің бағасы 59 еуродан (~36 000 теңге) басталады. 

Бағасы: кемі 36 000 ₸

Ресми сайты: dojacat.com/tour/

Mariah Carey (7 ақпан)

фото: saadiyatisland.ae

Мерайя Кэри — америкалық әнші, поп музыка тарихындағы ең табысты әрі ықпалды әртістердің бірі. Оның шығармашылық жолы 90 жылдардың басында басталып, Vision of Love, Hero, Without You, Fantasy және We Belong Together әндері бүкіл әлем тыңдаған хит болды. Mariah Carey — жұртқа вокал диапазоны мен техникасының арқасында танылған әнші. 

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Mariah Carey 7 ақпанда Saadiyat Nights аясында Әбу-Дәбиде өнер көрсетеді. 

Saadiyat Nights — Әбу-Дәридегі Saadiyat аралында аспан астында өтіп жатқан концерттер сериясы. Әлем жұлдыздары осы аралға барып, лайв концерт қояды. 

Әбу-Дәбиге Алматыдан я Астанадан ұшқан оңай:

Алматы — Әбу-Дәби кемі 97 612 ₸

Астана — Әбу-Дәби кемі 181 525 ₸

Концерттің билеті

Бұл шоуға билет аз қалған. Сондықтан асығыңыз. Билетті Ticketmaster-ден ала аласыз. 

Бағасы: 41 000 ₸

Cardi B (11 ақпан – 18 сәуір)

фото: cardib.com/tour

Cardi B — Американың хип-хоп әртісі. Шын аты — Белкәліс Әлманзар. Карди Би 21 ғасырдың ең ықпалды рэперлерінің бірі: оның Bodak Yellow деген дебют әні Billboard Hot 100-де шыңына шығып, өзі халықаралық жұлдыз болып шыға келді. Ал одан кейін шыққан әндері жанрдың үздігі мәртебесін сыйлады. 

Кардидің танымал әндері — I Like It, Up, WAP пен Money.

Былтырғы қыркүйекте Карди Би Am I the Drama? деген екінші альбомын шығарған еді. Енді биыл сол әнжинағын жарнамалау үшін тур өткізеді. Бұл әншінің 2019 жылдан бері өткізетін бірінші туры болмақ. 

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Концерттің бәрі Америкада өтеді. Қазақстан азаматтарына мына қалаларға ұшқан ыңғайлы. 

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Сан-Франциско, АҚШ27 ақпанкемі 345 878 ₸
Чикаго, АҚШ21 наурызкемі 250 031 ₸
Нью-Йорк, АҚШ25 және 26 наурызкемі 274 118 ₸
Бостон, АҚШ2 сәуіркеиі 286 049 ₸
Вашингтон, АҚШ8 сәуіркемі 381 359 ₸

Концерттің билеті

Cardi B концертіне сатылып жатқан билеттердің ең арзаны 53 доллар (~ 27 000 теңге) тұрады. Бірақ ол билеттерден аз қалған. 

Бағасы: кемі 27 000 ₸

Ресми сайты: cardib.com/tour

Gorillaz (22 ақпан – 22 тамыз)

фото: ticketon.kz

Gorillaz — 1998 жылы британның Деймон Албарн мен суретші Жейми Хиюлет құрған виртуал ұжым. 

Топтың ресми мүшелері — ойдан шығарылған кейіпкерлер. Олардың аты (2D, Murdoc, Noodle, Russel), сырт келбеті мен өмірбаяны бар. Бейнабаян, альбом мұқабасы мен концерт экранында тұратындар — осылар.

Горрилаздың музыкасы рок, поп, электроника мен хип-хоп аралас. Олардың ең танымал синглдары — Feel Good Inc., Clint Eastwood пен On Melancholy Hill.

2026 жылғы наурызда Гориллаз үш жылда бірінші рет альбом шығарайын деп отыр. Сондықтан соның промоушыны үшін АҚШ пен Еуропада тур өткізбек. Соны пайдаланып, Қазақстан мен Түркияда да концерт қоймақ.

Концертін қай елге барып көрген ыңғайлы?

Алматыға келіңіз! Бұл топ биылғы Park Live фестивалінің хедлайнері. Гориллаз онда екінші күні — 22 тамызда өнер көрсетеді. 

Астана — Алматы кемі 19 181 ₸

Шымкент — Алматы кемі 20 217 ₸

Түркістан — Алматы кемі 15 025 ₸

Ақтау — Алматы кемі 49 424 ₸

Атырау — Алматы кемі 49 424 ₸

Ақтөбе — Алматы кемі 31 339 ₸

Қарағанды — Алматы кемі 23 365 ₸

Концерттің билеті

Концерт қызық болайын деп тұр. Топтың солисінің перформансынан бөлек анимациялық кейіпкерлер 2D, Murdoc, Noodle мен Russel-дың мультимедиа шоуы көрсетіледі. 

Алматыда өтетін концерттің билеті Freedom Ticketon мен Freedom SuperApp-тан сатылып жатыр. Супераптан алсаңыз, 5–30 мың теңге кешбэк ала аласыз. 

Фестивальдың бір күніне де, барлық күніне де билет ала аласыз. 

Бағасы: кемі 40 000 ₸ 

Ресми сайты: gorillaz.com/tour

AC/DC (24 ақпан – 29 қыркүйек)

фото: instagram.com/acdc

AC/DC — Аустралиядан шыққан аңызға айналған әрі хард рок жанрының атасы саналатын рок тобы. Бұл ұжымды 1973 жылы ағайынды Яң, Мәлкөлм мен Ангус құрған. 

Бұл топ — әлі күнге дейін стадиондарда шырқаралатын хиттердің авторы. Highway to Hell, Back in Black, Thunderstruck, You Shook Me All Night Long сияқты әндер жасқа да, кәріге де белгілі классикалық рок туындылары.

 AC/DC биыл Еуропа пен Солтүстік Америкада үлкен тур өткізеді.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Лас-Вегас, Сан-Франциско мен Торонтоның біреуіне барғаныңыз абзал.

Ең тиімдісі әрі қолайлысы Торонто болмақ: Turkish Airlines-тан я Qatar Airways-тан билет алып, Ыстамбұлдан я Дохадан ауысып мініп жетуге болады. Сан-Францискоға барамын десеңіз, Flydubai-ға я Emirates-ке мініп, әуелі Дубайға жетіп аласыз (бағасы кем дегенде 388 848 ₸).

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Лас-Вегас, АҚШ1 тамызкемі 397 242 ₸
Сан-Франциско, АҚШ5 тамызкемі 388 848 ₸
Торонто, Канада16 қыркүйек кемі 328 842 ₸

Концерттің билеті

AC/DC билетін Ticketmaster-ден алуға болады. Бағасы 53 мың теңгеден басталады. Орын көп, картасына қарап, қалаған күніңіз бен секторыңызға алыңыз. 

Бағасы: кемі 53 000 ₸

Ресми сайты: acdc.com/tour

The Neighbourhood (28 наурыз – 10 қыркүйек)

фото: instagram.com/thenbhd

The Neighbourhood — Калифорниядан шыққан инди рок тобы. Қазіргі құрамында вокалист Жесси Разерфорд, гитарашы Жереми Фридмен мен Зак Эбелс, басист Майки Маргот пен драммер Брендон Фрид бар. 

Нейборхудтың әлемге Sweater Weather, Daddy Issues және R.I.P. 2 My Youth деген әндері танымал.

Биыл The Neighbourhood турын (((((ultraSOUND))))) деген альбомын жарнамалау үшін өткізбек. Бірінші концерт 28 наурызда АҚШ-та басталып, Солтүстік Америка, Еуропа, Азия мен Жаңа Зеландияда ауысады.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Қазақстанға ең жақын өтетін концерттер Түркия мен Чехияда өтеді. Ол жаққа ұшып бару үшін кемі 57 643 теңге жұмсауыңыз керек.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Ыстамбұл, Түркия26 және 27 сәуіркемі 57 643 ₸
Прага, Чехия30 сәуір және 1 мамыркемі 103 387 ₸
Краков, Польша2 мамыркемі 167 424 ₸
Милан, Италия4 мамыркемі 121 637 ₸
Цюрих, Швейцария5 мамыркемі 140 232 ₸
Берлин, Германия7 мамыркемі 198 433 ₸
Амстердам, Нидерланд8 мамыркемі 148 574 ₸
Париж, Франция12 мамыркемі 108 749 ₸
Лондон, Ұлыбритания15 мамыркемі 106 725 ₸

Концерттің билеті

Билеттерін тек мына ресми сайттан — thenbhd.com — ала аласыз. Есесіне алаяқтарға тап болмайсыз. 

Ыстамбұлда өтетін концерттің билеті Biletix сайтынан сатылады. Прагада өтетін шоуда орын қалмаған, бірақ күні таяғанда тағы билеттер шығуы мүмкін. 

Бағасы: кемі 82 000 ₸

Ресми сайты: thenbhd.com

BTS (9 сәуір – 14 наурыз)

фото: ibighit.com/en/bts/profile

BTS — Оңтүстік Кореядан шыққан жеті мембірі бар поп тобы. 

BTS — кейпоп топтарының арасынан топ жарып шығып, ең танымалы болған ұжым. Кореяға I Need U әнінің, ал халықаралық аренаға Wings альбомының арқасында танылған. Кейін DNA, Fake Love, Dynamite және Butter әндері түрлі Billboard чарттарының шыңына шықты.

2022 жыл мен 2025 жылдың арасында мембірлер кезекпен кезек әскери қызметін атқарып келді. Соның кесірінен топ тур өткізе алмады, әнжинақ шығара алмады, бірақ жетеуі де соло музыка шығарып, солист ретінде танылды. Биылғы наурыздың 20-да топ 14 әнді альбом шығарып, сәуірде жеті жылда бірінші рет өтетін турын бастамақ. 

Әзірге 2026 жылы және 2027 жылдың басында өтетін концерттердің күні белгілі. Ендігі жылы тур Жапония, Таяу Шығыс пен басқа елдерде де өтеді. Олардың күні кейін белгілі болады.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Гояң, Корея (Сеулден 30 минут алыс жатқан қала)9, 11 және 12 сәуіркемі 107 210 ₸
Токио, Жапония17 және 18 сәуіркемі 90 716 ₸
Лас-Вегас, АҚШ23, 24, 27 және 28 мамыркемі 346 276 ₸
Пусан, Корея12 және 13 маусымкемі 234 291 ₸
Мадрид, Испания26 және 27 маусымкемі 124 733 ₸
Брюссель, Бельгия1 және 2 шілдекемі 146 087 ₸
Лондон, Ұлыбритания6 және 7 шілдекемі 135 009 ₸
Мюнхен, Германия11 және 12 шілдекемі 126 040 ₸
Париж, Франция17 және 18 шілдекемі 117 812 ₸
Бангкок, Тайланд3, 5 және 6 желтоқсанкемі 123 663 ₸
Куала-Лумпур, Малайзия12 және 13 желтоқсанкемі 260 878 ₸
Сингапур17, 19, 20 және 22 декабрякемі 296 092 ₸

Концерттің билеті

Гояңда өтетін концертке кіретін билеттің бағасы 66 мың теңгеден, ал Еуропада өтетін концертке кіретін билеттің бағасы 70 мың теңгеден басталады. Бірақ билеттердің бәрі алдын ала сатылғанда таусылып қалған. 

Жақында Пусан мен Азияның басқа қалаларында өтетін концерттердің билетін сату туралы ақпарат шығуы керек. Топтың әлеуметтік желісіне жазылып, қарап жүріңіз.

Билеттер сатылып кетсе қайтпек керек?

Тырнақшалар

Еуропада Ticketmaster сайтының ресми қайта сату функциясын пайдаланыңыз. Бұл функция концерт күні таяғанда шығады. Басқа алып-сатар сайттан аламын деп тәуекел етпеңіз. Ал Кореяда алып-сатуға тыйым салынған, сондықтан алданып қалып жүрмеңіз. 

Арай, Freedom Travel редакторы әрі арми

Бағасы: кемі 66 000 ₸

Ресми сайты: 2026bts.com

Deep Purple (11 сәуір – 19 желтоқсан)

фото: ticketon.kz

Deep Purple — 1960 жылдан бері келе жатқан атақты британ рок тобы. Дип Пөрпіл осы уақытқа дейін 100 миллион альбом данасын сатқан, уақыт сынынан өткен аңыз музыканттар. Қазір құрамында драммер Иан Пейс, басист Рожер Гловер, пианист Дон Әйри, гитарашы Саймон Макбрайд пен вокалист Иан Гиллан бар. 

Топтың ең әйгілі әндері — Smoke on the Water, Highway Star, Hush пен Black Night. Бұл тректер әлі күнге дейін радиодан шықпай келеді, хард роктың әнұранына айналды десек артық айтпаймыз. 

2026 жылы Deep Purple турын Еуропа, Азия мен Америкада өткізеді. Олар тіпті Алматыға да келеді. 

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

22 сәуірде топ Almaty Arena-да өнер көрсетеді. 

Алматыға ұшамын дейтіндер кемі  15 025 теңге жұмсайды. 

Астана — Алматы кемі 19 077 ₸

Шымкент — Алматы кемі 17 769 ₸

Түркістан — Алматы кемі 15 025 ₸

Ақтау — Алматы кемі 32 184 ₸

Атырау — Алматы кемі 35 954 ₸

Ақтөбе — Алматы кемі 27 769 ₸

Қарағанды — Алматы от 23 365 ₸

Концерттің билеті

Deep Purple концертінің билетін Тикетоннан ала аласыз. Супераптан алсаңыз, 5–30 мың кешбэк аласыз. 

Бағасы: кемі 37 000 ₸

Ресми сайты: deeppurple.com/pages/tours

The Weeknd (20 сәуір – 6 қыркүйек)

фото: shutterstock.com

The Weeknd — Канададан шыққан әнші әрі ән авторы. Шын аты – Әбел Тесфайе. 2011 жылы YouTube желісіне аноним ретінде ән салып жүргенде аты шыққан. Ал қазір R&B және поп электроника тарихындағы ең табысты әртістердің бірі. 

Оның ең танымал тректері — Blinding Lights, Starboy, Save Your Tears, Cry for Me.

Қазір Уикенд 2022 жылы басталған After Hours Til Dawn турын жалғастырып жүр. Биыл Америка мен Еуропада концерт қояды.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Қазақстан азаматтарына Уикендтің шоуын Еуропаға барып көрген ыңғайлы болады. Мысалы, Парижге я Берлинге. Лондон да жаман емес. 

Еуропа одағы елдерінің біріне барсаңыз, шенген визасын, Лондонға барсаңыз, британ визасын аласыз.

ҚаласыКүні Ұшақ билетінің бағасы
Копенгаген, Дания19 және 20 маусымкемі 133 090 ₸
Мюнхен, Германия25, 26 және 27 маусымкемі 125 307 ₸
Париж, Франция8, 10, 11 және 12 шілдекемі 149 520 ₸
Амстердам, Нидерланд16, 17 және 18 шілдекемі 91 787 ₸
Милан, Италия24, 25 және 26 шілдекемі 181 528 ₸
Франкфурт, Германия30 және 31 шілде, 1 тамызкемі 139 296 ₸
Варшава, Польша4 және 5 тамызкемі 256 349 ₸
Стокгольм, Швеция8, 9 және 10 тамызот 256 349 ₸
Лондон, Ұлыбритания14, 15, 16, 18 және 19 тамызот 184 281 ₸
Мадрид, Испания28, 29 және 30 тамызот 179 663 ₸
Барселона, Испания1 қыркүйекот 182 856 ₸
Лиссабон, Португалия5 және 6 қыркүйекот 228 923 ₸

Концерттің билеті

Бұл турдың билеттері де Тикетмастерден сатылып жатыр. Бағасы 64 еуродан (~ 39 000 теңге) басталады.

Бағасы: кемі 39 000 ₸

Ресми сайты: theweeknd.com/tour

Marilyn Manson (23 сәуір – 24 қазан)

фото: facebook.com/MarilynManson

Marilyn Manson — эпатаж келбеті мен хард, индрустриал әрі альтернатив музыкасы танылған әйгілі америкалық рок музыканты. Шын аты — Брайан Уорнер. 

Marilyn Manson — Брайнның лақап аты да, тобының аты да. Бұрын бұл топ Marilyn Manson & The Spooky Kids деп аталатын, бірақ кейін қысқартылды.

2026 жылы Мэрилин Менсон 12-ші студия альбомының құрметіне One Assassination Under God Tour турын өткізеді. Менсонның ең танымал әндерінің бірі — Nod If You Understand, Disposable Teens, Angel With the Scabbed Wings, This Is the New Shit, Tainted Love, The Dope Show мен mOBSCENE. Соларды естігіңіз келсе, осы турға барыңыз.  

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Еуропаға барғаныңыз жақсы. Менсонның Еуропада өтетін концерттерің бәрі шілдеде өтеді.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Лиссабон, Португалия5 шілдекемі 216 086 ₸
Рим, Италия14 шілдекемі 120 993 ₸
Загреб, Хорватия16 шілдекемі 199 691 ₸
Вена, Аустрия21 шілдекемі 131 360 ₸
Будапешт, Венгрия22 шілдекемі 126 040 ₸

Концерттің билеті

One Assassination Under God Tour турының билетін түрлі платформадан ала аласыз. Десе де әншінің ресми сайтынан алғаныңыз дұрыс болар. Бағасы аз дегенде 42 мың теңге. 

Бағасы: 42 000 ₸ басталады

Ресми сайты: marilynmanson.com

Metallica (9 мамыр – 5 шілде)

фото: metallica.com

Metallica — Американың 1981 жылы құрылған метал тобы. Металлика — метал рок жанрына көп ықпал еткен әрі көп үлес қосқан музыканттардың бірі. 

Металхед болмасаңыз да, олардың әндерін бір жерден естігеніңіз анық: Enter Sandman, Nothing Else Matters, Master of Puppets, One, The Unforgiven әлі күнге дейін мейнстрим әндердің бірі. 

Топ 2026 жылы M72 турын жалғастырады. Бұл тур басқа турларға ұқсамайды, себебі Металлика ешбір концертінде өтіп кеткен концертінде қойған сетлисін қайталамайды.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Қазақстан азаматтарына Еуропа еліне барған қолайлы болмақ. Мына концерттердің біріне барсаңыз болады. 

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Афина, Грекия9 мамыркемі 121 272 ₸
Бухарест, Румыния13 мамыркемі 95 995 ₸
Франкфурт, Германия22 және 24 мамыркемі 93 377 ₸
Цюрих, Швейцария27 мамыркемі 136 026 ₸
Берлин, Германия30 мамыркемі 128 392 ₸
Болония, Италия3 маусымкемі 206 760 ₸
Будапешт, Венгрия11 және 13 маусымкемі 126 040 ₸
Лондон, Ұлыбритания3 және 5 шілдекемі 135 572 ₸

Концерттің билеті

Metallica турының билетін мына сілтемені басып алыңыз. Франкфуртта өтетін концерттің ең арзан билеті 85 еуро тұрады (~50 000 теңге). Бірақ асыққаныңыз дұрыс болады, билет аз қалған. 

Бағасы: кемі 50 000 ₸

Ресми сайты: metallica.com/tour

Harry Styles (16 мамыр – 10 шілде)

фото: facebook.com/harrystyles

Harry Styles — британ әншісі, ән авторы мен One Direction тобының бұрынғы солисі. Оның соло альбомдары әлем чарттарынан шықпайды. Ең танымал әндері — As It Was, Adore You, Watermelon Sugar мен Sign of the Times.

2026 жылғы 6 наурызда Стайлз жаңа музыка шығарады. Әнші сол альбомды жарнамалау үшін қаңтарда Aperture деген синглын шығарды. 

Әнжинақтың промоушынына Together, Together деген тур да кіреді. Оның форматы біраз өзгерек болмақ: Хәрри аз қалада өнер көрсетеді, бірақ бір қалада 10-30 концерт қоймақ.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Хәрри Стайлз турын Амстердам, Лондон, Сан-Паулу, Мехико мен Нью-Йоркта өткізеді. Қазақстаннан ұшсаңыз, Амстердамға барғаныңыз жөн. Нидерландқа ұшып баруға кемі 110 мың теңге кетеді. 

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Амстердам, Нидерланд16, 17, 20, 22, 23, 26, 29 және 30 мамыр, 4 және 5 маусымкемі 110 142 ₸
Лондон, Ұлыбритания12, 13, 17, 19, 20, 23, 26, 27 және 29 маусым, 1, 3 және 4 шілдекемі 141 935 ₸

Концерттің билеті

Хәрри Стайлз әр қалада концертіне түрлі әртіс шақырады. Сондықтан әр шоуы ерекше болайын деп тұр. Амстердамда Robyn-мен, Лондонда Shania Twain-мен бірге өнер көрсетеді. 

Концерттің билетін Тикетмастерден аласыз. Билеттің ең арзаны 46 еуро тұрады (~28 000 ₸).

Бағасы: кемі 28 000 ₸

Ресми сайты: hstyles.co.uk/tour

Lady Gaga (18 ақпан – 13 сәуір)

фото: facebook.com/ladygaga

Lady Gaga — америкалық әнші, ән авторы, актриса. Кейінгі 18 жыл бойы поп музыкадағы ең танымал әрі ықпалды әртістердің бірі болған адам.

Леди Гага музыкадағы жолын 2008 жылы The Fame альбомын шығарып бастаған еді. Ондағы бірнеше ән:  Poker Face, Just Dance, Paparazzi әлі күнге дейін хит.

Леди Гаганың шын аты — Стефани Жерманотта. Оған Леди Гага деген атты Queen тобының Radio Ga Ga әнінен шабыт алған продюсері қойған.

2025 жылы Lady Gaga Mayhem альбомын жарнамалау үшін Mayhem Ball турын бастаған еді. Сол туры 2026 жылы да жалғаспақ. 

Концертін қайда барып көрген дұрыс?

Леди Гаганың 2026 жылғы туры тек АҚШ-та болады. Сондықтан Нью-Йоркқа барғаныңыз дұрыс. Орта жолда тек бір рет ұшақ ауыстырасыз. 

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Лос-Анджелес, АҚШ18, 19, 22 және 23 ақпанкемі 326 606 ₸
Майами, АҚШ13 наурызкемі 334 654 ₸
Нью-Йорк, АҚШ19 және 20 наурызкемі 320 437 ₸
Вашингтон, АҚШ23 және 24 наурызкемі 469 960 ₸

Концерттің билеті

Бұл турдың билетін Ticketmaster-ден таба аласыз. 

Бағасы: кемі 202 000 ₸

Ресми сайты: ladygaga.com/us-en/live

Bad Bunny (23 қаңтар – 22 шілде)

фото: facebook.com/BadBunnyOfficial

Bad Bunny — Пуэрто-Рикодан шыққан музыкант, XXI ғасырдағы ең әйгілі әртістердің және әлемге латын поп музыкасын таратып жүрген әншілердің бірі. Шын аты — Бенито Антонио Мартинес Окасио. 

Bad Bunny шоуларының, дәнс поп пен жүректі елжіретер сөздерін үйлестіре алғанның арқасында танылды. BAILE INoLVIDABLE, DtMF, EoO — оның былтыр шыққан, десе де әлемге танылып үлгерген әндері. Бұл турда әнші бұрын шығарған әндерін де шырқайды: Tití Me Preguntó, Callaíta, Yonaguni.

2025 жылы басталып, 2026 жылы жалғасатын Debí Tirar Más Fotos World Tour Бәд Баннидің карьерасындағы ең үлкен тур болмақ.

Концертін қайда барып көрген ыңғайлы?

Қазақстандықтарға Еуропа мен Жапонияда өтетін концерттер жақын болады.

Жапония мен Еуропа елдерінің көбі виза сұрайды. Жапон визасын тек Астанаға барып, ал шенген визасын Алматы, Астана, Атырау мен Шымкентке барып алуға болады. Ұлыбритания визасын бөлек алу керек.

ҚаласыКүніҰшақ билетінің бағасы
Токио, Жапониянаурыз (күні әлі белгісіз)кемі 170 823 ₸
Барселона, Испания23 мамыркемі 135 797 ₸
Лиссабон, Португалия26 және 27 мамыркемі 193 207 ₸
Мадрид, Испания30 және 31 мамыр, 2, 3, 6, 7, 10, 11, 14 және 15 маусымкемі 150 799 ₸
Лондон, Ұлыбритания28 маусымкемі 125 406 ₸
Париж, Франция4 және 5 щілде кемі 115 078 ₸
Стокгольм, Швеция10 және 11 шілде кемі 118 903 ₸
Варшава, Польша14 шілде кемі 186 345 ₸
Милан, Италия17 және 18 шілде кемі 89 468 ₸
Брюссель, Бельгия22 шілде кемі 144 294 ₸

Концерттің билеті

Bad Bunny-дің Еуропада өтетін концертіне барғысы келетін адам билетке кем дегенде 83 еуро (~50 000 теңге) жұмсайды. Токиода өтетін концерт қашан өтетіні әлі белгісіз.

Бағасы: кемі 50 000 ₸

Ресми сайты: depuertoricopalmundo.com

Ұшақ билетін аларда қалай үнемдеуге болады?

Ұшақ билетін Freedom SuperApp-тағы «Саяхат» бөлімінен алған тиімдірек. Себебі онда билет алғаныңыз үшін 30 000 ₸ дейін кешбэк аласыз. Айына ары кеткенде 200 000 ₸ кешбэк алуға болады.  

Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.

4

0

,

Басқа жаңалықтар:

Тайланд 90 астам елдің азаматтарына арналған визасыз режимнің мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты

Концерт туралы не белгілі