Танзанияның Занзибарына барар бұрын қандай екпе салдыруыңыз керек?
Жұмақ аралына қамданып барыңыз
Танзания — Африканың шығысындағы ел. Занзибар архипелагының арқасында туристерге танымал болған жер. Оның себебі — әркімді еліктірер мөлдір су, аппақ құм мен естен кетпес күн батысы. Белсенді демалысты жақсы көретіндер Килиманжаро шыңына шықса болады я атақты Серенгети паркіне барса болады.
Танзания Африка материгінде орналасқандықтан көп туристе мынандай сұрақ туады: ол жаққа барар алдында вакцина салдырып алу керек пе? Бұған біз осы мақалада жауап берейік.
Танзанияға барар алдында вакцина салдыру керек пе?
Танзания — Африка елдерінің арасында ең қауіпсіз елдердің бірі. 55 аймақтың медицинасының ішінде Танзанияның медицинасы ең мықты саналады.
Занзибарда жұқтырып алуыңыз мүмкін аурулардың қатарына мыналар жатады: сіреспе, дифтерия, В гепатиті, холера, безгек, денге безгегі мен іш сүзгек. Бұл аурулардың вакцинасын Қазақстан азаматтары бала кезде салдырады, сондықтан 10 жыл сайын ревакцинация жасатқан маңызды.
COVID-19 вакцинасына келер болсақ, оған қатысты қатаң ереже жоқ. Салдырып алсаңыз, барарда және қайтарда ПТР тестінен өтпесеңіз де болады. Салдырмасаңыз, ұшарға 72 сағат қалғанда я ұшқаннан кейін ПТР тестін жасатуыңыз керек.

Занзибарға бару үшін салдыру керек вакциналар
Занзибарға бару үшін сары безгекке қарсы вакцина салдыру керек. Бірақ Танзанияға сары безгек эпидемиясы жоқ елден барсаңыз, салдырудың керегі жоқ. Қазақстанда сары безгек эпидемиясы жоқ.
Сары безгек инфекциясы тараған мына елдерге барсаңыз, міндетті түрде кейін оған қарсы вакцина салдыруыңыз керек | ||
Ангола | Бенин | Буркина-Фасо |
Бурунди | Габон | Гана |
Гуинея-Бисау | Конго демократиялық республикасы | Камерун |
Конго | Кот-д’Ивуар | Либерия |
Мали | Нигер | Руанда |
Сан-Томе мен Принсипи | Сьерра-Леоне | Того |
Француз Гуинеясы | Орталық Африка республикасы |
Занзибардың шекарасынан өткенде екпе туралы анықтама көрсетесіз.
Танзанияға кірерде басқа вакцина салдыру міндет емес, десек те дәрігерлер бірнеше ауруға қарсы вакцина салдырып алған жөн дейді.

Мына вакциналарды салдырған абзал
Дәрігерлердің пікірі әртүрлі. Біреу іш сүзек, холера, делбе, құтырма мен гепатитке қарсы вакцина салдыру керек дейді, өзгелері тек профилактика дәрілерін ішкен жарайды дейді.
Дәрігерлердің көбі полиомиелит, қызылша, паротит пен қызамыққа қарсы екпе салдырған жөн дейді. Қазақстанда полиомиелитке қарсы вакцина бала кезде салынады. Жас туристер ревакцинация жасатса болады.
Ең дұрысы — қандай екпе салдыру керегін дәрігеріңізбен бірге шешіп алыңыз.
Занзибарда қандай аурулар тараған?
Танзания Африканың шығысында орналасқан, бірақ Занзибар — бөлек тұрған арал. Десе де, ол аралда қандай ауру жұғатынын біліп жүрген дұрыс.
Безгек
Занзибар безгек ауруын жұқтырып алу ықтималдығы көп елдердің қатарына жатады. Себебі ол жақта безгек масалары мекендейді.
Кей дәрігер профилактикалық дәрі ішкен дұрыс дейді, ал басқалары бұл дәрілер бауырға зиян дейді. Сондықтан ішесіз бе, ішпейсіз бе, өзіңіз шешесіз. Безгек ауруына қарсы вакцина жоқ.
Дәрігерлердің бәрі ұсынатын амал — репеллент шашып алыңыз, ұзын киім киіп жүріңіз, түнде жатарда москит торын тігіп жатыңыз.
Сары безгек
Занзибар сары безгек эпидемиясы қатты тараған елдердің қатарында емес, десе де жұқтырып алуыңыз ғажап емес. Занзибарда көптен бері адам сары безгекке ұшырады деген деректер тіркелмеген.
Бұрын билік туристерден сары безгекке қарсы вакцина салуға тиіс деп талап ететін. Қазір тек эпидемия бар елдерге барған саяхатшылардан талап ететін болған.
Мына ресми құжатта Танзанияның билігі сары безгекке қарсы вакцина салдыру міндет емес деген. Оны телефонға жазып алыңыз я шығарып алып, жаныңызда ұстап жүріңіз.
Занзибарға барар алдында вакцина салдырам десеңіз, салдырғаныңызды дәлелдейтін халықаралық сертификат алып алыңыз. Мұндай сертификаттың 10 жылдық мерзімі бар.
Ұйқы ауру
Ұйқы ауру — Цеце шыбынынан адам мен малға жұғатын ауру. Бұл дерт өлімге түрткі болуы мүмкін. Бірақ Занзибарда Цеце шыбыны жоқ. Себебі бұрын оларды жоятын арнайы операция жүргізілген. Ең соңғы рет бұл шыбын адам шақты деген дерек 1981 жылы тіркелген.

Жолға қандай дәрі алу керек?
Міндетті түрде ауырсынғанды басатын, аллергияға қарсы және қызуды басатын, асқазан-ішек жолдары ауруларына қарсы дәрілер мен антисептік, жапсырма, дәке салып алыңыз.
3
0