Ұшақ билетім поштама келмеді. Енді қайттім?
Себебін қазір анықтаймыз
Ұшақ билетіңіз поштаға келмесе, әзір дүрлікпеңіз. Билет спамға кетіп қалуы мүмкін не төлем өңделіп жатқандықтан біраз кідруі мүмкін. Бірақ сақтықта қорлық жоқ, билет неге келмегенін нақты білгеніңіз абзал. Сондықтан осы мақалада хат не келмегенін анықтаймыз әрі проблема шықса, қалай шешу керегін айтып береміз.
Әуелі нені тексерген жөн?
Поштаңыздағы «Спам», «Промоакция»/«Саяхат» бөлімін қараңыз
Поштаңыздың негізгі бөлімін қарап қомай, хат келетін басқа да бөлімдерді ашыңыз. Мысалы, «Спам», «Промоакция», «Жарнама», «Хабарлама» не «Саяхат».
Ұшақ билеті бар хатты тезірек табу үшін іздеуге әуе компаниясының не сервистің атын, билет, жол түбіртегі, ticket, booking деген сөздерді жазыңыз.
Электрондық поштаңыздың дұрыс жазылмаған
Билет аларда электрондық поштаңызды қате жазсаңыз, билеттің ақысы төленіп, өзі поштаңызға келмей, басқа поштаға кетіп қалуы мүмкін не мүлдем жіберілмеуі мүмкін. Билетті қай сайттан алсаңыз, сол сайттағы жеке кабинетіңізді, сервис жіберген SMS хатты, төлем туралы түбіртекті, тапсырыс туралы бетті ашыңыз. Сонда ұшақ билеті салынған хат қандай поштаға кеткені көрсетіліп тұрады.
Поштаңызды жазғанда қате кеткен болса, әуе компаниясының я саяхат сервисінің қолдау қызметіне хабарласып, түзетіңіз.
Ұшақ билеті кідіріп жатыр
Кейде ұшақ билеті келуі үшін біраз уақыт керек болады. Себебі билет сатқан сервис не сайт билетті ақшаңыз түскені расталғаннан кейін ғана жібереді.
Картаңыздан ақша шегерілгенде де хат келмесе жеке кабинетіңізге кіріп, тапсырыстың күйін көріңіз. Егер онда тапсырыс рәсімделіп жатыр не расталғанын күтіп тұр деп жазылып тұрса, біраз күте тұрыңыз, жаңа билет алмаңыз.

Билет поштаға келген жоқ: екі түрлі ситуацияны талқылайық
1-сценарий: ақша шегерілді, бірақ билет рәсімделген жоқ
Ұшақ билетінің ақысын төлеген банк қолданбасын ашыңыз да, төлемнің күйін көріңіз. Ақша шегерілмей, өңделіп жатуы мүмкін не банк әзірге уақытша бұғаттаған болуы ықтимал. Операция расталмай сатушы ақшасын ала алмайды, демек билет рәсімделіп жатыр.
Төлем расталғаннан кейін де билет рәсімделмесе және сатушының сайтында тапсырыс тұрмаса, әуе компаниясы я сервис я банк жақтан қате кетті деген сөз. Ондайда қолдау қызметіне жазып, төлемге қатысты бар ақпаратты беріңіз: ақша төленген күнді, сомасын, картаның соңғы 4 саны мен тапсырыстың нөмірін.

Freedom Travel жіберетін хаттың үлгісі
2-сценарий: билет рәсімделді, бірақ хат келген жоқ
Хат негізгі бөлімге емес, спамға не басқа бөлімге не басқа поштаға кетіп қалуы мүмкін.
Билетіңіз бар-жоғын билет сатқан әуе компаниясының я сервистің сайтына кіріп тексеріңіз. Билет тұратын бөлімдер «Менің броньдарым», «Бронь басқару», «Мои бронирования», «Управление бронированием» немесе “Manage booking” деп жазылып тұрады. Кейін броньның я тапсырыстың нөмірі мен жолаушының латынша тегін теріңіз.
Броніңіз ашылса, демек билетіңіз бар. Онда жол түбіртегін жеке кабинеттен жүктеп аласыз я билетті поштаңызға жіберіңіз. Рейске тіркелуге бронь мен құжатыңыздағы дерегіңіз жеткілікті. Десе де, билетіңізді телефонға сақтап қойғаныңыз жақсы.
Билетімді қолдау қызметіне хабарласпай қалай таба аламын?
Қолдау қызметіне хабарласар алдында билетіңізді өз бетіңізбен іздеп көріңіз. Оны әуе компаниясының не билет сатқан агрегатордың сайтынан іздеп көріңіз. Банк қолданбасынан да қараңыз.
Әуе компаниясының сайтындағы жеке кабинеттен іздеу

Air Astana сайтындағы бронь басқаратын бет
Броніңіздің немесе тапсырысыңыздың нөмірін білсеңіз әуе компаниясының сайтына кіріп, «Броньдарым», «Мои бронирования» не “Manage booking” дегенді ашыңыз. Сол жерге жолаушының атын латын әріптерімен жазып, броньның нөмірін теріңіз.
Бронь тұрса, демек билетіңіз рәсімделген. Жеке кабинетте рейске қатысты бар ақпарды тексере аласыз: бағыты, күні, жолаушының аты-жөні, рейстің күйі, багаж. Ұшақ билеті салынған хат поштаңызға келмесе, рейске тіркелу үшін осы броньдағы мәліметті тересіз.
Билетіңізді Freedom Travel-дан алсаңыз

Freedom Travel жеке кабинетінде тұрған билеттер
Тапсырысыңызды жеке кабинетке кіріп тексеріңіз. Онда билетіңіздің күйі былай жазылып тұрады: тапсырыс рәсімделіп жатыр, расталды, ақысы төленгенін күтіп тұр не жойылды.
Билет рәсімделсе, жол квитанциясы тапсырыстың ішінде тұрады. Оны телефоныңызға жүктеп алсаңыз болады я поштаңызға жіберіп қойыңыз.
Тапсырыс тұрса да билет көрінбей тұрса, басқа билет алмай тұра тұрыңыз. Әуелі ақысы төленген-төленбегенін тексеріңіз де, Freedom Travel-дың қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Банк қолданбасынан тексеріңіз

Банк көшірмесі
Билет ақысы төленген банктің қолданбасын ашып, транзакцияны тауып алыңыз. Ақша алынған-алынбағанына ғана емес, төлемнің күйіне де мән беріңіз. Онда төлем расталды, өңделіп жатыр, бұғатталып тұр жазылып тұрады.
Түбіртектегі сатушының атына қараңыз. Ол ат пен билет сатқан сайттың аты екі түрлі болуы мүмкін. Онда сатушы компанияны басқарып отырған заңды тұлға не әуе компаниясының аты жазылуы ықтимал. Содан ақша кімге кеткенін көресіз.
Билет төлем өткеннен кейін де келмесе, картаңыздан ақша шегерілгенін суретке түсіріп алыңыз. Қолдау қызметі тапсырысыңызды тексергенде керек болады.
Бұрын браузерден іздегендеріңізден арасынан іздеу

Google Chrome тарихы
Билетіңізді сайтқа тіркелмей алғанда немесе ақшасын төлегеннен кейін бетті жауып тастасаңыз, осы әдіске сүйеніңіз.
Билет алған күнді не іздегеніңізді көріп, арасынан билет сатқан әуе компаниясының не сервистің сайтын тауып алыңыз.
Кейде браузер тарихында тапсырысты расталды деген бет немесе жол квитанциясының сілтемесі қалған болуы мүмкін. Бет ашылып тұрса, тапсырысыңыздың нөмірі не оған қатысты өзге ақпарат жазылып тұруы мүмкін.
Қашан қолдау қызметіне хабарласқан жөн?
Жаңа айтылған тәсілдердің ешқайсы көмектеспесе әрі билет әлі табылмаса, қолдау қызметіне хабарласатын уақыт келді. Қоңырау шалар не хабарлама жіберер алдында броньға қатысты бар мәліметті дайындап қойыңыз. Сонда оператор қайта-қайта сұрақ қоймай билетіңізді тезірек тауып береді.
Хабарласар алдында мына деректерді дайындап қойыңыз
Билетіңізді әуе компаниясының жүйесінен табуға мына мәліметті жиып қойыңыз:
- Жолаушының паспорттағы не билетке енгізілген аты-жөні;
- Рейс ұшатын уақыт пен бағыт;
- Тапсырыстың не PNR нөмірі;
- Ақы төленген күн мен уақыт, оның сомасы;
- Ақша шегерілген картаңыздың нөмірінің соңғы 4 саны;
- Банк қолданбасындағы ақша шегерілгенін дәлелдейтін скриншот;
Қолдау қызметіне осы деректерді жиғаннан кейін хабарласыңыз. Сонда қызметкер не іздеу керегін бірден түсінеді.
Қалай хабарласу керек?
Рейсіңізге бір күннен аз уақыт қалса не оған қазір тіркелуіңіз керек болса, қоңырау шалыңыз. Телефон — сұрағыңыздың жауабын тез алу амалы, себебі оператор тапсырысыңызды дәл қазір тексеріп, не істеу керегін айтады.
Әуежайда тұрсаңыз, әуе компаниясының тіркеу үстелінің басына барыңыз. Қызметкерлер паспортыңызға қарап, билетіңіз бар-жоғын біліп береді. Бар болса, қолыңызда броньды растайтын құжат болмаса да ұшаққа міне бересіз. Әуе компаниясының қызметкері броніңізді таба алмаса, билетті алған сервиске хабарласыңыз. Оны әуе компаниясының өз сайтынан алсаңыз, мәселені сол жерде шешуге тырысыңыз не компанияның әуежайдағы кеңсесіне барыңыз.
Ұшарға әлі уақыт бар болса, онлайн чатқа жазыңыз. Төлемнің скриншотын, тапсырыстың нөмірін жібергенде онлайн чатқа жазған әлдеқайда ыңғайлы.
Электрондық поштаға мәселеңізді шешуге уақыт барда жазыңыз. Мысалы, құжат, ресми сұрау, шағым жолдағанда не жазбаша хат күткенде.
Басты ереже: ұшуыңызға 24 сағаттан аз уақыт қалса, электрондық поштаға жазып, уақыт кетіріп отырмаңыз. Онлайн чатқа жазыңыз я телефон соғыңыз.

Freedom Travel-дың қолдау қызметі
Freedom Travel-дың қолдау қызметіне клиенттер қалай хабарласа алады?
Билетіңізді Freedom Travel-дан алсаңыз, әуелі қолдау қызметімізге хабарласыңыз. Әуе компанияңызға хабарласып, жауап күтіп отырғаннан гөрі сервиске қоңырау шалыңыз. Оператор сіздің тапсырысыңызды бірден көреді.
Freedom Travel клиенттері былайға хабарласа алады:
- Freedom SuperApp (билет ауыстырғанда не қайтарғанда)
Freedom Travel қолдау қызметі күні-түні жұмыс істейді, мереке мен демалысқа қарамайды.
Билетіңіз поштаға келмей, қолдау қызметімізге хабарласамын десеңіз, мыналарды жазып жіберіңіз:
- Жолаушының аты-жөні;
- Рейсін;
- Ұшатын күнін;
- Тапсырыстың нөмірін;
- Төлем туралы ақпарат.
Ақша шегеріліп, билет көрінбей тұрса, банктен ақша кеткенін дәлелдейтін скриншотты жіберіңіз. Сөйтсеңіз, тексеріс әлдеқайда тез жүреді.

Билетіңіз ендігіде поштаға кідірмей келсін я жалпы келсін десеңіз
- Ақы төленгеннен кейін бетті жаппаңыз;
- Тапсырысыңыздың ақы төленіп болғанын күтіңіз, төленгеніне көзіңіз жетсін;
- Билетті телефоннан не мобайл қолданбадан алсаңыз, тапсырыстың ақысы төленді деген бетті скриншоттап алыңыз.
- Билеттің PDF түрін немесе жол квитанциясын алған бойда телефонға сақтап қойыңыз.
- Билетті жіберетін поштаны ақ тізімге қосыңыз. Сонда әуе компаниясы, саяхат агенттігі мен тревел сервистері жіберетін хаттар спамға кетіп қалмайды.
- Поштаға билет келмесе, оны «Спам», «Жарнама», «Саяхат» деген бөлімдерінен іздеңіз.
- Шетелге ұшқалы отырсаңыз, жол квитанциясын шығарып алыңыз. Себебі кей елде, әсіресе Шенген елдері мен Азия елдерінде шекарашылар қайтатын билетті көрсетіңіз деуі мүмкін.

Жиі қойылып жүрген сұрақтар
Билет поштаға қашан келуі керек?
Ұшақ билеті не жол квитанциясы электрондық поштаға ақысы төленгеннен кейін бірнеше минутта келуі керек. Алайда кейде кідіріп келуі де мүмкін, себебі билет сайтқан сайт билеттің ақысы төленгенін көріп, әуе компаниясынан дерек алып, билетті рәсімдеуі керек.
Билет поштаға келмесе де, рейске тіркеле беруге бола ма?
Иә, әуе компаниясының жүйесінде билетіңіз тұрса, ол броньның нөмірін біліп алсаңыз болады. Рейске тіркейтін бетке сол нөмір мен аты-жөніңізді латын әріптерімен жазасыз.
Ал әуежайға барып тіркелемін десеңіз, тіркеу үстелінің басына барып, паспортыңызды көрсетіңіз. Броньның нөмірін айтудың керегі жоқ.
Бірақ броніңіз жүйеде болмаса, рейске тіркеле алмайсыз. Ондай жағжайда билетті алған жерге хабарласасыз.
Билетті қай сайттан сатып алғанымды ұмытып қалсам қайтемін?
Әуелі банкіңіздің қолданбасына кіріңіз. Сатып алған күн мен сомаға қарап операцияны тауып, ақша қайда кеткеніне қараңыз. Онда сатушы компанияның аты (саяхат агенттігі, әуе компаниясы, туризм компаниясы) жазылып тұрады. Дегенмен операциядағы сатушының аты мен билет сатқан жердің аты бір болмауы мүмкін, бірақ ақша қайда кетенін анықтауға көмектеседі.
Одан бөлек билетті алған күнгі браузер тарихын, банктен келген SMS пен push хабарламаларды, электрондық поштаңызды және мессенджерлерді тексеріңіз. Тарихта төлем беті, тапсырысты растау немесе билет таңдаған сайт сақталып қалуы мүмкін.
Билет электрондық поштаға келмесе, рейсімнің нөмірін қалай біле аламын?
Тапсырысты растау бетін, сервистегі жеке кабинетіңізді, браузер тарихын, сондай-ақ ақы төлегеннен кейін келген SMS пен push хабарламаларды тексеріңіз. Броньның нөмірі есіңізде қалса, оны әуе компаниясының сайтындағы «Броньды басқару» бөліміне енгізіңіз. Ол жерде рейстің нөмірі, ұшатын уақыты, әуежайдың аты жазылып тұрады.
Броньның кодын білмесеңіз, тапсырысыңызды билетті сатқан сервиске іздетіңіз. Қолдау қызметіне хабарласып, аты-жөніңіз бен ұшатын күнді айтсаңыз, ондағылар рейстің нөмірін тауып береді.
Билетті Freedom SuperApp-тан алдым, бірақ поштама хат келген жоқ, қайтсем болады?
Әуелі Freedom SuperApp-тағы билеттер мен тапсырыстар бөлімін тексеріңіз. Билет рәсімделген болса, тапсырыстар тізімінде тұрады. Сол жерден сапар туралы ақпаратты қарап, жол квитанциясын көшіріп алуға болады.
Билет қолданбада жоқ болса, картаңыздан кеткен ақшаның күйін тексеріңіз. Операция әлі өңделіп жатса, билет әлі рәсімделмеген деген сөз. Ал ақша шегеріліп, билет электрондық поштада да, SuperApp-та да жоқ болса, Freedom Travel қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Хабарласу үшін жолаушының аты-жөнін, рейстің күнін және бағытын, тапсырыс нөмірін (бар болса), төлем сомасын, сатып алған уақытты және карта нөмірінің соңғы төрт цифрын дайындап қойыңыз. Ұшуға аз уақыт қалса, қолдау қызметінің WhatsApp-тағы нөміріне хабарласқан дұрыс.



