Ұлыбританияның туризм визасын қалай алуға болады?
Британ визасын алуға қандай құжаттар керек
2020 жылғы 1 ақпанда Ұлыбритания Еуропа одағынан шығып кетті. Енді Англия, Уэльс, Шотландия мен Солтүстік Ирландияға бару үшін шенген визасын емес, британ визасын алуыңыз керек. Оған қандай құжаттар керек екенін, оларды елшілікке қалай тапсыру керегін айтып береміз.
Ұлыбританияның туризм визасының ерекшеліктері
Британияның туризм визасы кемі 6 айға, ары кеткенде 10 жылға дейін беріледі. Елге бір барғанда 180 күн жүруге болады.
Виза мына шарттарға сай болсаңыз беріледі:
- 18-ге толғансыз;
- мерзім аяқталғанда елден кетесіз;
- елде жүргенде бар шығыныңызды өтей аласыз;
- Ұлыбритания арқылы ұшпайсыз (оған басқа виза аласыз).

Британ визасын алу кезеңдері
№1 қадам
Ұлыбритания үкіметінің сайтына кіріп, ағылшынша анкета толтырасыз.
№2 қадам
Консулдық алымын төлейсіз. Алты айға берілетін стандарт туризм визасы керек десеңіз, 115 фунт төлейсіз. Ал екі жылға берілетін визаға 400 фунт төлейсіз. Бәрін онлайн төлейсіз. Бұл бағалар 2023 жылғы 25 қазаннан бері бар. Олар туралы көбірек білгім келеді десеңіз, мына сайтты ашыңыз.
№3 қадам
Британия виза орталығына құжат тапсыратын күн мен уақытты белгілейсіз.
№4 қадам
Құжаттардың бәрін ағылшын тіліне аударуыңыз керек. Визаңыз стандарт туризм визасы болса, аудармаларға нотариус қол қоймаса да болады.
№5 қадам
Жинаған құжаттардың бәрін виза орталығына апарасыз да, биометрия деректеріңізді (саусақ ізіңіз бен цифрлық фото) тапсырасыз.
Британ визасын алу үшін сұхбаттасудан өту керек пе?
Иә, өтуіңіз керек. Құжаттарыңызды қарап, виза береміз деп жатса елшілік сізді сұхбаттасуға шақырады. Виза берілмейтін жағдайлар мынадай: құжаттар дұрыс толтырылмаған (анкета, өтінім, тағы басқасы), енгізілген деректер өтірік болып шықты, құжаттардың бірі тапсырылмай қалған.
Ұлыбританияның туризм визасын алуға арналған құжаттардың тізімі
Құжат жинауды анкета толтырудан бастаған жөн.
- Паспорт, оның екі беті бос болуы керек, кемі алты айдан жарамды болуы керек;
- Паспорттың бірінші бетінің көшірмесі;
- Екі жақтың билетінің броні;
- Қандай баспанаға баратыныңыз туралы құжат (қонақүй я пәтер броні), сапардың мақсатын немесе жоспарын көрсететін кез келген құжат;
- Жұмысыңыз берген анықтама, хат компанияңыздың фирмалық қағазына жазылуы керек әрі лауазымыңыз, қанша уақыт жұмыс келе жатқаныңыз, демалыс күндері мен жалақы көрсетілуге тиіс. Жеке кәсібі барлар оның куәлігі мен мөрі қойылған жұмыс туралы анықтамасын көрсетуі керек;
- Кейінгі алты айдың жалақысы жазылған ағылшынша анықтама;
- Банк шотыңызда ақша барын көрсететін ағылшынша аударылған анықтама, кейінгі алты айдың үзінді көшірмесі;
- Отбасы жағдайыңыз туралы ағылшынша құжат (неке туралы куәлік, ажырасқаныңыз туралы куәлік, жұбайыңыз қайтыс болғаны туралы куәлік, балаларың бары туралы анықтама);
- Елге барып қайтатын мерзімге берілген медициналық сақтандыру полисі. Ішінде кемі 30 мың фунт болуы керек (түпнұсқа + көшірме);
- Оқушылар мен студенттер оқуы берген анықтаманы өткізеді. Анықтама оқу орнының ресми қағазына жазылуға тиіс. Ұлыбританияға оқу кезінде барғыңыз келсе, оқуыңыз сабақ келмеуге рұқсат бергені туралы ағылшыншаға аударылған анықтама керек болады.
- Зейнеткерлер зейнеткер куәлігінің ағылшынша көшірмесін тапсырады;
- Кәмелет жасына толмаған әрі ата-анасынсыз барғалы жатқан балалар туу туралы куәліктің түпнұсқасын, ата-анасының рұқсаты жазылған, нотариус қол қойған ағылшынша құжат (түпнұсқа мен көшірме).
Туризм визасын алуға арналған анкетаны толтырудың үлгісі
Анкета — стандарт анкета: аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, құжаттарыңыз, Ұлыбританияға барғанда қайда неше күнге баратыныңызды жазуыңыз керек.
Анкетаны асықпай, дұрыстап толтыру керек. Себебі оны кейін түзей алмайсыз.
Англияның туризм визасының ақысы
Англия визаларының құны әртүрлі. Өйткені ол елге неше күнге баратыныңызға байланысты.
Визаның мерзімі | Құны |
6 ай | 115 фунт |
2 жыл | 400 фунт |
5 жыл | 771 фунт |
10 жыл | 963 фунт |

Виза беруге кететін уақыт
Ұлыбританияның туризм визасы 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Десе де өтінімді елге барарға 3 ай қалғанда берген жөн.
Британияның виза орталығында процесті тездетуге болады. 15 күннің орнына 5 күнде шығарып береді. Алайда ақысын төлеуіңіз керек. Атауы — Priority Visa Service (Визаны басымдық бере отырып рәсімдеу). Құны 500 фунттен басталады.
Визаның жарамдылық мерзімі
Англияға туризм визасын алып барғанда, көп дегенде алты ай жүре аласыз. Визаны бірнеше рет қолдануға болады, яғни алты айда елге бірнеше рет кіріп шығуға болады. Керек десеңіз, мерзімді екі, бес және он жылға дейін ұзартуға болады.
28
5