Қазақстаннан қажылық пен ұмраға бару: 2027 жылы Меккеге баруға неше теңге кетеді?

Қазақстаннан қажылық пен ұмраға бару: 2027 жылы Меккеге баруға неше теңге кетеді?
Білген жөн 4 мин оқисыз
07.08.2026

Қазақстаннан қажылық пен ұмраға бару: 2027 жылы Меккеге баруға неше теңге кетеді?

Бес парыздың бірін өтеу туралы бар ақпарат

Қажылыққа барамын десеңіз, сапарға кететін ақшаны алдын ала есептеп, керек құжаттарды дайындап, ресми туроператорды таңдауы керек. Қазақстаннан 2027 жылы қажылыққа бару құны ҚМДБ қажылыққа бөлінген квота мен аккредициялы компаниялар тізімін жариялағаннан кейін белгілі болады. Одан кейін туроператорлар қажылық турларының нақты бағасын жариялайды. 

Қажылық сапарына әзір былтырғы бағаға сүйеніп дайындалайық. Бұл мақалада 2027 жылы қажылыққа баруға кететін шығын, сапарға дайындалғанда ескеретін негізгі мәселелер және қажылық пен қалта көтерер ұмраның айырмасын айтып береміз. 

Қажылық деген не?

Қажылық — мұсылмандардың бес парызының бірі. Денсаулығы мен қалтасы көтерсе, кәмелет жасына келген әр мұсылман Меккеге барып, құлшылық етуге тиіс. Ол жолдың шығынын көтеріп қана кетерде отбасының бар жағдайын жасап кетуі керек. 

Оның ұмрадан айырмашылығы қажылыққа тек Зүл-хижжа айының белгіленген күндері бару керек. Қажылар Мекке мен оның айналасындағы киелі жерлерге барады. Қажылықтың басты рухани орталығы — әл-Харам мешітінде тұрған Қағба.

Алайда қажылыққа барамын деп ниеттенген жеткіліксіз. Сауд Арабиясы қажылыққа қатысты талаптарды белгілеп, әр елге белгілі бір квота бөледі. Сондықтан Қазақстаннан баратын қажылар қажылық кезеңін күтіп, Қазақстанға бөлінген квотаға қарай орын алып, арнайы қажылық визасын жасатуы керек. 

Қазақстанда қажылық сапарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат берген туроператордан алу қажет.

Қажылық қалай өтеді?

Қажылық рәсімдері Зүл-хижжа айының белгілі бір күндері өтеді деп бөлініп, Мекке мен оның айналасындағы киелі жерлерге рет-ретімен баратын бағдарламаға сай өтеді. Кей рәсім қажылықтың түріне қарай басқаша мүмкін. Сондықтан қажылар туроператор ұсынған бағдарлама мен бірге жүретін жетекшінің нұсқауына сай жүреді. Сауд Арабиясы өкілдері дайындаған қажылық туралы ағылшынша нұсқаулықты мына жерден оқыңыз. 

  1. 1

    Ихрамға кіру. Миқаттан (Меккені айнала орналасқан белгіленген шекарадан) өтпей тұрып қажы дәрет алып, ихрам киімін киіп, қажы боламын деп ниет етеді. Ихрам — жай ғана арнайы киім емес, уақытша нәпсіңізді тыятын ерекше рухани күй. Ихрамға кірген кезде қажы қажылық етуге дайын екенін білдіретін дұға тәлбияны айтады. 

  2. 2

    Меккеге бару. Қажы тауап жасайды, яғни Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналады. Одан кейін Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жеті рет жүріп, сағи рәсімін орындайды. Қажылықтың түріне қарай бұл рәсімдерді Меккеге барған бойда я кейін орындауға болады. 

  3. 3

    Минаға бару. Зүл-хижжаның 8-күні қажылар Мина алқабына аттанады. Мұнда үлкен шатырлы лагерь орналасқан. Қажылар топ болып құлшылық етіп, демалып, келесі күнге дайындалады. 

  4. 4

    Арафатта тұру. Зүл-хижжаның 9-күні қажылар сол күннің екінші жартысын Арафат жазығында дұға айтып, Аллаға табынумен өткізеді. Бұл — қажылықтың ең басты рәсімі. Арафатта тұрып көрмесеңіз, қажылық толық орындалды деп есептелмейді. 

  5. 5

    Мұздалифада түнеу. Күн батқаннан кейін қажылар Мұздалифаға барады. Мұнда кешкі намаздарын жинап оқып, демалады. Әдетте ертесі күнгі рәсімге қажет ұсақ тастарды осы жерде жинайды. 

  6. 6

    Тас лақтыру және құрбандық шалу. Зүл-хижжаның 10-күні қажылар Минаға оралып, Жамарат әл-Ақабаға жеті тас атады. Бұл — тас лақтырылатын үш арнайы нысанның бірі. Жұрт солай азғырғанға ермейтінін білдіреді. Қажылықтың түріне қарай құрбандық шалынады. Осыдан кейін ер адамдар шашын алып тастайды немесе қысқартады, ал әйелдер шашының бір бөлігін қиып тастайды. 

  7. 7

    Тауап әл-ифада. Қажылар Қағбаға оралып, міндет тауап жасайды. Қажет болған жағдайда сағи рәсімі де орындалады. Белгіленген рәсімдер аяқталғаннан кейін тахаллүл жасалып, қажы ихрам күйінен шығып, оған қойылған шектеулер аяқталады.  

  8. 8

    Тәшриқ күндері. Зүл-хижжаның 11–13-күндері қажылар Минада болып, күн сайын үш Жамаратқа тас лақтырады. Бұл кезеңді 12-күні аяқтап, Минадан кетуге немесе 13-күніне дейін қалуға болады. 

  9. 9

    Қоштасу тауабы. Меккеден кетер алдында қажы Қағбаны соңғы рет жеті рет айналады. Осы рәсімнен кейін қажылық сапары аяқталады. 

Негізгі қажылық рәсімдері 5–6 күн жалғасады. Ал ұшып бару, Мекке мен Мәдинаға жайғасу және жергілікті дайындықты қоса есептегенде бүкіл сапар әдетте 14–22 күнде аяқталады.  

Ұмра дегеніміз не?

Ұмра — Меккеге барып жасайтын кіші қажылық. Қажылық екеуінің ортақ тұстары бар, бірақ ұмра оған балама бола алмайды: исламда ұмра жасау міндет емес, сүннет амал саналады.

Қажы ихрамға кіріп, Қағбаны жеті рет айналады, Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жеті рет жүріп өтеді, содан кейін шашын қидырады. Негізгі рәсімдер бірнеше сағатқа созылады. Ал ұшатын уақытын пен Мәдинаға баратын сапарды қоса есептегенде, бүкіл ұмраға 7–14 күн кетеді.

Ұмраға қажылық алдындағы шектеу кезеңін қоспағанда жылдың кез келген дерлік уақытында баруға болады. Ұмраға ұлттық квота бөлінбейді, сондықтан баратын күндерді таңдағанда аса қиналмайсыз. Қазақстанның туроператорлары Алматы мен басқа қалалардан баратын ұмра сапарын ұйымдастарып, Сауд Арабиясының визасын жасатуға көмектеседі. Турпакет бағаларының валютасы әдетте АҚШ доллары болады.

Рамазан айындағы ұмраға баратындар көп болатындықтан бағасы да жоғарырақ болады. Ал мерекелерден тыс қазан–желтоқсан айларында бағасы біраз түседі әрі Арабияда күн қолайлы болады.

Қажылық пен ұмраның негізгі айырмашылықтары

ҚажылықҰмра
Мәртебесі Мүмкіндік барда бару міндет саналады Барған жөн, бірақ міндет емес
УақытЗүл-хижжа айында ғана Кез келген дерлік мезгілді
Рәсім-жоралғылардың ұзақтығы 5–6 күн Бірнеше сағат
Сапардың ұзақтығы 10–20 күн 7–14 күн
Құны 2,8–4,5 млн ₸ ($5 900–9 500) $990–1 850 (470 000–880 000 ₸ айналасы); аса ыңғайлы пакеттер— $4 000 дейін (1,9 млн ₸ шамасы) 
ВизаАрнайы қажылық визасы Туризм не қажылық визасы
КвотаМемлекет квота береді Мемлекет квота бермейді

Әбраж әл-Бейіт

Ұмра қалай өтеді?

Ұмраның қажылықтан айырмашылығы ұмраның барлық негізгі рәсімі Харам мешітінде өтеді және Мина, Арафат немесе Мұздалифаға бармай-ақ, ретімен орындалады. 

  1. 1

    Ихрамға кіру. Миқатты кесіп өткенге дейін қажы дәрет алып, ұмраға ниет білдіреді. Ихрам уақытша шектеуге бағынатын күй: мысалы, шаш пен тырнақ алуға немесе иіссу шашуға болмайды. Оған кіргенде қажы тәлбия айтады. 

  2. 2

    Қасиетті мешітке бару. Қажы Меккедегі Әл-Харам мешітіне кіріп, Қағбаға қарай бет алады. Қасиетті мешіт пен Әл-Харам — бір кешеннің екі атауы, оның ішінде барлық кейінгі рәсімдер өтеді. 

  3. 3

    Тауап. Қағбаны сағат тіліне қарсы 7 рет айналып шығу осылай аталады. Әрбір жаңа шеңбер Қара тастан басталады. Тауап аяқталғаннан кейін қажы намаз оқып, мүмкіндігінше мешіт аумағында орналасқан қасиетті бұлақтан зәмзәм суын ішеді. 

  4. 4

    Сағи. Тауаптан кейін қажы Сафа мен Маруа төбелерінің арасындағы жабық галереямен жеті рет жүріп өтеді. Сафадан Маруаға дейінгі жол бір рет, ал Маруадан Сафаға дейінгі кері жол екінші рет болып есептеледі. Рәсім Сафа төбесінен басталып, Маруада аяқталады. 

  5. 5

     Тахаллүл. Бұл — ихрам күйін доғарып, ұмраны аяқтайтын рәсім. Ондайда ер адамдар шашын алып тастайды немесе біркелкі қысқартады, ал әйелдер шашының ұшынан шамамен 1–2 см қияды. Одан кейін ихрамға қатысты шектеулер аяқталады. 

Құлшылыққа келгендердің санына, адамның жүру жылдамығы мен халіне қарай ұмраның бар рәсімі 3–6 сағат жалғасады.  

Қазақстаннан қажылыққа барғанның құны: 2026–2027 жылғы бағалар

2026 жылы аккредитациялы операторлардың біріндегі стандарт қажылық турының бағасы кемі 2,92 млн теңге (шамамен 6,1 мың АҚШ доллары), ал VIP пакеті кемі 4,37 млн теңгеден (шамамен 9,2 мың доллар) болған. 

«ҚМДБ ұйымдастырған тур» дегенге сенбеңіздер. ҚМДБ Қазақстандағы туроператорларды іріктеп, оларға қажылық квотасын ғана бөледі. Ал қажылық турының бағасын әр компания өзі қояды.

2027 жылғы қажылықтың нақты бағасы әзір белгісіз. Сондықтан 2026 жылғы бағаға қарап әрі валюта бағамы өзгеретінін ескеріп одан 10–15% артық ақша жиып қойыңыз. Әдетте пакетке қажылық визасы, ұшақ билеті, қонақүй, тамақ, трансфер мен гид қызметінің құны қосылады. 

2026 жылы Алматы, Астана және Шымкенттен Сауд Арабиясына тікелей ұшатын рейстер Air Astana («Эйр Астана»), SCAT және Flyadeal. рейстері. Ал Jazeera рейстері мен Ақтаудан ұшатын рейстер алдыңғы маусымдарда ұшқан, сондықтан олардың 2027 жылғы кестесін біліп алу керек. 

Туроператорға ақша төлемес бұрын оның лицензиясын eGov-тан, ал қажылық турын жасауға аккредитациясы бар-жоғын ҚМДБ сайтындағы тізімнен тексеріңіз.   
Стандарт пакетVIP пакеті
2026 жылғы баға Ең кемі 2,92 млн ₸ От 4,37 млн ₸
Квота Керек Обязательна
Қызметтері Ұшақ билеті, виза, тұратын жер, тамақ, трансфер Те же услуги, но более комфортные отели и размещение
Кім сатады ҚМДБ-дан аккредитация алған операторҚМДБ-дан аккредитация алған оператор
2026 жылы ұшып жүрген әуе компаниялары Air Astana, SCAT, FlyadealОператордың бағдарламасына қарай

Жалпы сома неден құралады: қажының бар шығыны

Турдың бағасы — тек бастапқы шығын. Қажылықта жалпы шығын Сауд Арабиясында не алатыныңызға (киім, кәдесый, тағы басқасы), қандай қызметтер алатыныңызға (мысалы Fast Track) қарайды. Қазақстаннан қажылыққа барғанда турдың бағасына не кіретінін, ал Мекке мен Мәдинада қандай шығындарды өзіңіз көтеруіңіз мүмкін екенін түсіну үшін әуелі стандарт турдың құрамына үңілейік.  

Стандарт турда не болады? 

ҚМДБ рұқсат берген туроператорлардың базалық қажылық пакеті әдетте мыналарды қамтиды: 

  • Алматы, Астана немесе Шымкенттен барып қайтатын ұшақ билеті; 
  • Мекке мен Мәдинадағы қонақүйде тұру; 
  • тамақтандыру: көбіне таңғы ас пен кешкі ас я үш мезгіл тамақ; 
  • әуежай, қалалар мен қажылық рәсімдері өтетін орындарға таситын трансфер;  
  • қажылық визасы мен медициналық сақтандыру; 
  • діни сабақтар мен гидтің қызметі. 

Ақтаудан ұшатын рейстер жыл сайын бола бермейді. Билет немесе тур алар бұрын келісімшарттан пакетте нақты қандай қызметтер барын тексеріп, қонақүй Қағбадан қаншалықты қашық жатқанын нақтылап алған жөн. Тіпті +500 метрдің өзі қалтаңыз бен жүріп-тұруыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.  

Басқа шығындар: турдан бөлек не алуға тура келеді?

Қажылыққа қатысты қосымша шығындарды келісімшартға отырмай анықтап алыңыз: 

  • медицина анықтамасы мен міндет ACWY вакцинасы — 15 000–30 000 ₸; 
  • ихрам (ер адамдарға арналған екі мата; әйелдерге арнайы киім киіңіз деген талап жоқ) — 5 000–15 000 ₸; 
  • құрбан шалу — 720 SAR, шамамен $192 немесе 91 000 ₸; 
  • жеке шығындар — $300–500 немесе 143 000–238 000 ₸; 
  • SIM картасы — $10–30; 
  • зәмзәм суын тасу немесе жеткізу — $100-ге дейін (кейде тур бағасына кіреді).  

Сауд Арабиясындағы кейбір төлем АҚШ долларына мен сауд риялына қарайтындықтан теңгенің әлсіреуі Қазақстаннан баратын қажылықтың жалпы бюджетін арттыруы мүмкін.  Осы шығындарды ескергенде Арабияға 270 000–450 000 ₸ ($570–950) ала кетіңіз. Сонда турды қоса есептегендегі қажылықтың жалпы құны 3,2–4,9 млн ₸ ($6,7–10,3 мың) шамасы болады. 

Жаңа ережелер

Жақында 2027 жылғы қажылыққа қатысты медициналық талаптар күшейтілді. Сауд Арабиясы енді қажылық жасауға физикалық тұрғыдан дайын екенін растайтын медициналық анықтама мен ACWY менингококк инфекциясына қарсы вакцинация сертификатын көрсет деп талап етеді. Медициналық деректерді Nusuk/Masar жүйелері арқылы тапсыру тәртібін Қазақстандағы аккредитациялы туроператордан алдын ала нақтылап алған жөн.

Қажылыққа баруға мынандай ауруы барларға жарамайды: 

  • жүрек, өкпе, бауыр немесе бүйректің қатты жеткіліксіздігі барлар; 
  • деменция, ауыр неврология немесе психика ауытқуы барлар; 
  • босанарына екі ай қалған немесе босануы қиын өтуі мүмкін әйелдер; 
  • көпшіліктің денсаулығына қауіп төндіретін белсенді инфекция жұқтырғандар;  
  • онко науқас болып, химиотерапия, биологиялық немесе сәуле терапиядан өткендер. 

Қажылыққа керек медициналық анықтаманы уақытылы дайындау үшін құжаттарды тапсырардан 1–2 ай бұрын медициналық тексеруден өткен жөн. Тексерістің құны 5 000–15 000 ₸ арасында, ал вакцинация 15 000–30 000 ₸ тұрады. 

Жалған медициналық құжат тапсырғандар қажылық визасын алмай қалуы мүмкін!

2026 жылы қажылыққа баратын шетелдіктердің ең жасы ары кеткенде 12-де болуы керек. Бұл талап 2027 жылы сақталар-сақталмасын ресми ережелер шыққаннан кейін анықтап алған абзал. 

Арафат тауына шығу

Қазақстаннан ұмраға баруға неше теңге кетеді?

Қазақстаннан ұмраға баратың сапардың құны маусымы, ұшатын қалаға, сапардың ұзақтығы мен қонақүй санатына қарай түр-түрлі болады. 2026 жылы кіші қажылық турларының стандарт бағасы $990–1850 болды, ал премиум пакеттердің құны 4 000 долларға дейін жетті.

Алматыдан ұмраға баратын турлардың бағасына әдетте ұшақ билеті, виза жасату, қонақүйде тұру, трансфер мен гидтің қызметі кіреді. Дегенмен қызметтер тізімі туроператорға қарай өзгеруі мүмкін. Рамазан айында сұраныс көп болатындықтан тур бағасы 20–30% қымбаттады.

Ұмра турларының 2027 жылғы бағасын алар алдында туроператордан біліңіз.

Қазақстандағы қажылыққа бөлінетін мемлекет квотасы мен тіркелу тәртібі

Қазақстан қажылыққа неше квота беретінін Сауд Арабиясы шешеді. 2026 жылы Қазақстанға 4 000 орын бөлінді, ал 2027 жылға арналған квота әзір жарияланған жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қажылыққа баратындарға арналған бірыңғай кезегі жоқ. Басқарма ресми туроператорларды іріктеп, бөлінген орындарды сол компанияларға бөліп-бөліп береді. 2026 жылы қажыларға 14 компания қызмет көрсеткен.  

Қажылық сапарына былай тіркелесіз:  

muftiyat.kz сайтынан қажылыққа бөлінген квота саны мен ҚМДБ рұқсат берген туроператорлар тізімін тексеру. 

Туроператор таңдау, оған паспорт пен байланыс деректерін беру. 

Туроператормен келісімшарт жасасып, оның квотасында орын барын растайтын құжатты алу.  

Қажылық визасына құжат тапсыру. 

Турдың ақысын келісімшартта жазылған уақытта төлеу. 

Жарияланған тәртіпке сай бірнеше жылға созылатын электрондық кезек, сондай-ақ жасы үлкен немесе қажылыққа алғаш рет баратындарға берілетін басымдық жүйесі деген болмайды. Өтініштің күйін тікелей туроператордан қарайсыз.

Сондықтан Қазақстаннан Меккеге баратын қажылық турын тек ҚМДБ-ның ресми тізіміне енгізілген компаниядан аласыз. Квотада орын бары расталғаннан кейін құжаттарды дайындауға кірісе беріңіз. 

Қажылық пен ұмраға баратындардың қандай құжаты болуы керек?

Қажылық пен ұмраға баруға керек құжаттар сапардың түріне қарай өзгереді. Қажылыққа барам дегеннің арнайы қажылық визасы болуға тиіс. Оны ҚМДБ тізіміне енгізілген ресми туроператор жасайды. Ал ұмраға ұмра визасын я туриске арналған eVisa көрсетіп барасыз. 

Құжаттар:

  • паспорт — Сауд Арабиясына кірген кезде кемі алты ай жарамды болуы керек;  
  • сапардың мақсатына сай виза — қажылыққа бару үшін арнайы қажылық визасын, ал ұмраға бару үшін ұмра не турист визасын жасатуыңыз қажет;
  • ACWY менингококк инфекциясына қарсы вакцинация сертификаты; 
  • денсаулық туралы анықтама — қажылыққа баратындардың денсаулығына қатысты мәліметтерді Nusuk/Masar жүйелерінен жіберу тәртібін туроператордан білу керек; 
  •  паспортқа арналған фотосурет — визаға керек десе.  

Қажылыққа қажет құжаттарды жолға 3–4 ай қалғанда дайындаған жөн. Ескере жүріңіз: ҚМДБ виза бермейді, тек қажылықты ұйымдастыруға құқығы бар компанияларды іріктейді.  

Қажылыққа туризм не ұмра визасын көрсетіп бара алмайсыз: Сауд Арабиясы қажылыққа келгендерден арнайы қажылық визасы мен ресми рұқсат сұрайды. Маусымға қатысты шектеу салынғанда бұл құжаттарды көрсетпесеңіз, Меккеге де кіре алмай қалуыңыз мүмкін.

Қажылықтың ақшасын қалай жинаймын?

  1. 1

    Қажылыққа адал жолмен келген ақшаны жұмсаңыз. Қажылыққа жұмсалатын ақша адал жолмен келуі керек. Жолға қайдан келгені белгісіз не үй-ішін асырауға я қарыздарыңызды жабуға кетуі керек ақшаны жұмсамаңыз.

  2. 2

    Қажылыққа арналған ақшаны алдын ала есептеңіз. Турпакеттердің қазіргі бағасына сүйеніп, оған медициналық дайындық, құрбан шалу, байланыс пен жеке шығындарға кететін 10–15% қосыңыз.

  3. 3

    Ақшаны 3–5 жыл бұрын жинай бастаңыз. Қажылыққа ақша жимаққа ай сайын жеке есепшотыңызға белгілі бір соманы аударып отырыңыз. Шығындардың көбі шетел валютасы өзгеретініне қарайтындықтан қаражаттың бір бөлігін долларлай жинауға болады.  

  4. 4

    Бөліп төлеу шарттарын мұқият тексеріңіз. Қазақстандағы кей туроператордан қажылық турын бөліп төлеп алуға болады. Басында тек алғашқы жарна төлейсіз. Жақсы ұсыныс, бірақ келісімшартқа қол қоярдан бұрын оны мұқият оқып шығыңыз. Турдың жалпы ақысы мен бөліп төлегендегі ақысын салыстырыңыз, ай сайын төлеп отырамын деп үстінен пайыз төлеп жүрмеңіз.  

  5. 5

     Ақшалай көмек іздеп көріңіз. Бастығыңыздан, туған-туыстардан не қоғамдық қорлардан жол шығынының бір бөлігін өтейтін ақша сұрап көріңіз.  

Тур ақысын төлер алдында туроператорыңыз ҚМДБ-ның ресми тізімінде бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз. 

Қажылыққа қашан барған дұрыс? 

Қажылық тек Зүл-хижжа айында өтетіндіктен Қазақстаннан баратын турды 6–12 ай бұрын брондап қойған жөн. Ал ұмраға қашан баратыныңызды бюджет пен ауа райын ескеріңіз: 

  • Рамазан айы — ең сұранысқа ие кезең. Бұл уақытта турлар 20–30% қымбат болуы мүмкін. 
  • Қарашадан ақпанға дейін — күн жақсы әрі баға жағынан тиімді кезең. 
  • Маусымнан тамызға дейін — турлар арзанырақ болады, бірақ Сауд Арабиясында ауа температурасы 40 °C-тан асады. 

2026/27 жылғы ұмра маусымында ұмра визалары 9 наурызға дейін беріледі. Ол визаны алғандар Сауд Арабиясына 23 наурызға дейін кіре алады, ал ол жақтан 2027 жылғы 7 сәуірге дейін шығып үлгеруі керек. Одан кейін ұмра маусымы қажылық маусымы басталатындықтан уақытша тоқтатылады.  

Арнайы киім киген қажылар

Қажылыққа дайындалғанда қателесетін жерлер

Қажылыққа дайындалғанда не барғанда қиындықтардың көбі діни рәсімдерге қатысты емес, оларға мыналар себеп болады: 

  • Аккредитациядан өтпеген компаниядан тур алмаңыз, арнайы қажылық визасы мен ресми рұқсатсыз қажылыққа баруға талпынбаңыз. 
  • Паспорт, медицина анықтамасы мен вакцинация жасатуды кейінге қалдырмаңыз. Құжат тапсыратын мерзім аяқталғанша үлгеруіңіз керек. 
  • Ұзақ жаяу жүретініңізді ескеріңіз, соған дайындалыңыз, Меккеде жаңа алған аяқкиіміңізді кимеңіз, аяғыңыз үйренген аяқкиімді киіп барыңыз. 
  • Сауд Арабиясында аптап ыстық болатынын, созылмалы ауруыңыз барын ескеріңіз. Жолға шығар алдында дәрігеріңізбен кеңесіп, ішіп жүрген дәрілерді алып жүріңіз, суды молырақ ішіңіз, уақытылы демалыңыз. 
  • Топтан бөлінбеңіз, ұйымдастырушылар айтқан жолмен ғана жүріңіз, айтқан жерге ғана барыңыз, жеке мәліметіңіз бен тұрып жатқан қонақүйіңіздің мекенжайы жазылған Nusuk картасын үнемі ұстап жүріңіз. 
  • Құжаттардың көшірмесін, топ жетекшісінің байланыс нөмірі мен төтенше жағдайда қоңырау шалатын нөмірлерді сақтап қойыңыз. 
  • Ақшаңызды тур бағасына ғана қарап есептемеңіз. Байланыс, тамақ, дәрі-дәрмек және құрбан шалуға ақша кететінін біліп жүріңіз. 

Көп қойылып жүрген сұрақтар

Қажылық пен ұмраның айырмашылығы не? 

Денсаулығы ұзақ жолды көтере алатын, ақшасы жеткілікті мұсылман адам өмірін бір рет болсын қажылыққа баруға міндетті. Қажылық тек Зүл-хижжа айының белгіленген күндері өтеді. Ал ұмра — жылдың кез келген дерлік мезгілінде болатын кіші қажылық. Ұмраға мемлекеттік квота бөлінбейді, ұмраға барған адам Арафат, Мина мен Мұздалифадаға бармайды. 

Діні басқа адам қажылыққа бара ала ма? 

Жоқ. Қажылық тек мұсылмандарға арналған. Мұсылман емес адамдардың Меккеге кіруіне және әл-Харам мешіті аумағына өтуіне тыйым салынған. Сонымен қатар қажылыққа бару үшін арнайы қажылық визасы мен ресми рұқсат қажет. Турист визасы барлар қажылыққа бара алмайды. 

Кіші қажылық (ұмра) қанша күнде аяқталады? 

Ұмраның негізгі рәсімдерін орындауға әдетте 3–6 сағат кетеді. Нақты уақыт қажылардың санына, олардың қаншалықты тез жүретіні мен денсаулығына байланысты болады. Қазақстаннан баратын ұмра туры ұшып бару, қонақүйде тұру мен Мәдинаға баруды қоса есептегенде шамамен 7–14 күн жалғасады. 

Қажылыққа кезекке тұрмай баруға бола ма? 

Болмайды. Қажылыққа бару үшін аккредитациясы бар компаниядан бос орын мен арнайы қажылық визасын алуыңыз қажет. 

Қажылық турында тегін тамақтану бола ма? 

Болуы да, болмауы да мүмкін. Әдетте ондай турлардың бағасына күніне екі не үш мезгіл тамақтану кіреді. Алайда кей арзан турларда тек таңғы ас болуы мүмкін не тамақтану опциясы мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан тур алдында оның құнының не қосылғанын біліп алыңыз.  

Қажылыққа баратын қарттарға жеңілдік бола ма? 

Қазақстанда жарияланған жүйеге сай қарт қажыларға арналған ресми мемлекеттік жеңілдік немесе қандай да бір басымдық қарастырылмаған. Туроператорлар тегін не қосымша ақыға жолсерік қызметін, мүгедектер арбасын немесе қонақүйді қажылық орындарына жақынырақ таңдауды ұсынуы мүмкін. Медициналық рұқсат барлық қажыда болуға тиіс.  

Қажылыққа Алматыдан емес, Қазақстанның басқа өңірлерінен барсақ, шығынның көлемі өзгере ме? 

Иә. Жолға кететін ақша ұшып шығатын әуежайға, әуе компаниясына, тікелей рейстің бар-жоғына, ішкі трансфер мен қонақүй санатына қарайды. Алматы, Астана немесе Шымкенттен басқа өңірлерден жол жүретін қажылар турдан бөлек осы қалаларға жетіп алу үшін біраз шығындалуы мүмкін. Себебі рейстердің көбі осы үш қаладан ұшады. 

Меккеге қажылық маусымынан тыс күндері баруға бола ма? 

Иә. Меккеге қажылық маусымы басталмай тұрып не одан кейін баратындар ұмра жасау үшін барады. Елге кіру үшін ұмра визасын не электрондық турист визасын алуыңыз керек. Оны Nusuk-тан жасатасыз. Қажылық қарсаңында Сауд Арабиясы Меккеге кіруге уақытша шектеу енгізеді, оның мерзімі жыл сайын өзгеріп отырады.  

Әйел адам қажылыққа жалғыз бара ала ма? 

Сауд Арабиясының ережесіне сай, әйелдерге арналған қажылық турларының бәрінде махрам болғаны шарт емес. Мұсылман әйел басқа әйелдермен бірге тіркеле алады. Бірақ ҚМДБ ханафи мәзһабының талаптарына сүйене отырып әйелмен бірге күйеуі немесе махрамы бірге барғаны жөн дейді. Сондықтан тур алмас бұрын әйелге қатысты талаптарды туроператор мен молдадан нақтылап алған жөн.  

2

0

Султан Бахытджанов

автор,

Осы айдардан:

Тариф, салық, алым, қызмет ақысы туралы бар ақпарат

Тариф, салық, алым, қызмет ақысы туралы бар ақпарат

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Шетелге барамын дегендерге арналған гайд

Шетелге барамын дегендерге арналған гайд

Қалай бірнеше елде заңға сай жұмыс істеуге болады?

Қалай бірнеше елде заңға сай жұмыс істеуге болады?