2026 жылы Қазақстан азаматтары Ресейге қалай кіреді?

2026 жылы Қазақстан азаматтары Ресейге қалай кіреді?
Білген жөн 4 мин оқисыз
13.07.2026

2026 жылы Қазақстан азаматтары Ресейге қалай кіреді?

Жаңартылған нұсқаулық

Биылғы мамырда Ресей елге кіру туралы шарттарын өзгертті. Жаңа көші-қон нормасы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.

Осы мақалада Ресейге кірерде қандай құжат керегін, кімге кәдімгі виза, ал кімге электрондық виза керегін, жалпы визасыз қалай кіруге болатынын айтып береміз. 

Қысқа да нұсқа: Ресейге кіру ережесі

ПараметрЕгжей-тегжейі
ВизаРесейге қыдырып барамын деген Қазақстан туристері виза алуға тиіс емес
Жүретін күндер 1 жылда ары кетсе 90 күн емін-еркін жүруге болады
Кірерде көрсететін құжаттар Паспорт не жеке куәлік
Биометрия2025 жылғы желтоқсаннан бері Ресей шекарасынан өту үшін биометрия өткізу керек
Барған жеріңіз бойынша тіркелу Ары кеткенде 30 күн жүрсеңіз керек емес, 30 күннен аса жүрсеңіз мигранттар тізіміне тіркелуіңіз керек
RuID 2026 жылғы 1 шілдеден бері бәріне міндет
Миграция картасы Шекарадан өткенде керек, Ресейден шыққанға дейін ұстап жүру керек

2026 жылы Ресейге барам деген Қазақстан азаматтары виза алуға тиіс пе?

Жоқ, тиіс емес. Ресей азаматтары да Қазақстанға кіру үшін виза алуға міндетті емес. Ресейге қыдырып, қонаққа не шағын іссапарға барамын деген әр турист онда бір жылда ары кеткенде 90 күн визасыз жүре алады.  

Кірерде қандай құжат көрсету керек? Паспортты ма, жеке куәлікті ме?

Қазақстан азаматтары Ресейге кірерде паспортын не жеке куәлігін көрсетеді. Шекарадан өтерде де, билет аларда да жеке куәлік жарай береді.

Паспортыңызды көрсетіп кіремін десеңіз, жарамдылық мерзіміне қараңыз. Ол Қазақстанда қайтқанда кем дегенде 6 ай жарамды болып тұруы керек. Билетіңізді шекарада көрсететін құжатқа тіркегеніңіз жөн.

Балаларға келсек, жасына қараңыз. 16-ға толмаған бала Ресей жеріне туу туралы куәлігін не паспортын көрсетіп өтеді. Ал 16-дан асқан бала паспортын не жеке куәлігін көрсетеді. 

2026 жылы шыққан ережелер: Қазақстан азаматтары үшін не өзгереді? 

Биометрия тапсыру міндет

Қазақстандықтар енді Ресейге кірерде биометриясын өткізуге тиіс. Шекарашылар сізді фотоға түсіреді, саусақ таңбаңызды алып қалады.  

Саусақ таңбаңызды алдын ала тапсырудың керегі жоқ. Процедураға біраз уақыт кететінін біліп жүрсеңіз болды.  

Биометрия дерегін 6-ға толмаған балалар, дипломат және қызмет паспорты барлар, дипломатия өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың кей қызметкері өткізбейді.  

ruID қолданбасына тіркелу және кірерде көрсететін QR коды

2026 жылғы 1 шілдеден бері Ресейге баратын қазақ азаматтары алдын ала «Госуслуги RuID» қолданбасына тіркелуі керек. Онда профиліңіз ашылып, кіру туралы электрондық өтініш жіберіледі. Профиліңізге фотоңызды, құжатыңыздың суреті мен дауысыңыздың жазбасын салып қоясыз.

Өтінішті шекарадан өтерге 72 сағат қалмай тұрып жіберуіңіз керек. Өтініш қаралғаннан кейін бірегей QR коды жіберіледі. Ол сіздің Ресейге кіретін рұқсатыңыз, өтініш бергеннен кейін 90 күн жарамды болады.

90 күннен аса жүретіндер тапсыратын медициналық бақылау  

2026 жылы 1 қыркүйектен бері Ресейде 90 күннен аса жүретін шетелдіктер барғаннан кейін 30 күн ішінде медициналық бақылаудан өтуі керек.

Ол бақылау Ресейдегі өкілетті медицина ұйымдарында өтеді. Мыналар бар-жоғы тексеріледі: 

  • ВИЧ инфекциясы; 
  • басқа жұқпалы аурулар; 
  • айналаға қауіп төндіретін аурулар; 
  • есірткі және психотроп заттарды өз бетімен шегу, ішу.  

Ережені бұзғандарға салынатын айыппұл

Міндет медициналық бақылаудан өтпегендер 25 000 – 50 000 рубль (130 000 – 260 000 теңге) айыппұл төлейді, тіпті Ресейден бірнеше жылға қуылуы мүмкін. Айыппұл уақытылы төленбесе, мөлшері екі есе көбейеді, оның үстінен елден қуылу қаупі артады, бөлек жазаға айналады.

Өтірік медицина құжаттарын жасатқандар бөлек жазаға тартылады. Қауіпті ауруы жоқ деген құжат жасатқандар, сатқандар, сақтағандар, қолданғандар қылмыстық жауапқа тартылады. Кінәлі 4 жыл бойы түрмеге қамалуы мүмкін.

Қазақстан азаматы Ресейде неше күн тіркелмей жүре алады?  

Қазақстан азаматы Ресейге кіргеннен кейін 30 күн тіркелмей жүре алады. Одан артық жүрем десе, мигранттар тізіміне тіркелуі керек.

Бұл шаруаны көбіне-көп Ресейдегі қарсы алатын жақ орындайды. Мысалы, турист қонақүйге барса, құжатын сол қонақүйдің әкімшілігі жасатады. Саяхатшы елге кіргенде көрсеткен құжаты мен миграция картасын көрсетеді.

Турист туысы не досының үйіне барса не пәтер жалға алса, оны қарсы алған жақ не үйдің иесі барып тіркейді. Оны Госуслуги, МФЦ, Ресейдің ішкі істер министрлігінің өңірлік органына не пошта бөлімінен істеуге болады.

Кірерде көрсететін құжаттар

  • 16-дан асқандар паспорт не жеке куәлік, 16-ға толмаған балалар паспортын не туу туралы куәлігін көрсетеді.  
  • Миграция картасы. Оны Ресей шекарасынан өткенде толтырасыз. Елден шыққанша жаныңызда жүруі керек. Тұратын жеріңіз бойынша тіркелгенде, қонақүйге жайғасқанда не елден кетерде керек болуы керек. 
  • Сапарыңыздың мақсатын көрсететін құжаттар. Жаныңызда қонақүй броні, қайтатын билет, тұратын жердің мекенжайы мен қарсы алатын жақтың байланыс ақпараты. Жұмыс істеуге не оқуға барсаңыз, соны дәлелдейтін құжаттар керек, одан бөлек ruID қолданбасына тіркелгеніңіз бен QR кодын көрсетесіз. 

Ресейге көлікпен барсаңыз:  

  • жүргізуші куәлігі;  
  • көлігіңіз тіркелгені туралы куәлік; 
  • көлік өзгенікі болса, оны айдау туралы рұқсатыңыз; 
  • Ресейде жарамды сақтандыру полисі.

Ресейде сақтандырусыз көлік айдауға болмайды.   

Қазақстаннан Ресейге көлікпен бару

Қазақстаннан Ресейге көлікпен не жаяу баруға болады, бірақ шекарадан өтер алдында ол шекара пунктінің жұмыс тәртібін анықтап алыңыз. Бір жерде кезек ұзын болуы мүмкін, ал бір пункті жөнделіп жатқан болуы мүмкін.  

Көлікпен кіргенде көрсететін құжаттар

  • Қазақстан азаматының паспорты не жеке куәлігі; 
  • Жүргізуші куәлігі; 
  • Көлік тіркелгені туралы куәлік не техника паспорты; 
  • Көлік өзгенің атында болса, оны айдауға рұқсатыңыз; 
  • Ресейге жарамды автосақтандыру полисі; 
  • Миграция картасы: шекарадан өтерде толтырасыз.  
Көліктің сақтандыруын дұрыстап тексеріңіз. Қазақстанда жарайтын полистер Ресейге жарамауы мүмкін. Сондықтан Ресейде әрекет ететін сақтандыру алу керек.

Биометрия

Ресейге көлікпен кіргенде шекара пункті биометрия дерек өткіз десе, өткізесіз.  

Мыналарды да біле жүріңіз

Ресейге барар алдында кіргеннен кейінгі бірінші сағатқа дайындалыңыз. Себебі онда телефон байланысы, ақша төлеу мен онлайн сервистерге келгенде қиындық туады.

Ресейде шығарылмаған Visa мен Mastercard банк карталары онда істемейді. Сондықтан өзіміздің карталарымызға сеніп қалмаңыз. Алдын ала рубль шығарып алыңыз, онлайн аударым жасайтын қандай онлайн сервистер барын біліп алыңыз. «Мир» картаңыз болса, алып жүріңіз.

Телефон байланысы — 2025 жылы Ресейде роумингі бар сим карталарына шектеу қойылған: елге кіргеннен кейін 24 сағат бойы мобайл интернет пен SMS істемеуі мүмкін. Дауысхат жіберуге болады, бірақ мессенджер, карта, банк қолданбалары мен такси интернетсіз қалуы мүмкін. 

Барған бойда байланыссыз қалмаудың амалдары: 

  • офлайн карта жазып алыңыз; 
  • қонақүйіңіздің мекенжайын жазып не жаттап алыңыз; 
  • қарсы алатын жақтың байланыс дерегін жазып алыңыз; 
  • тұратын жердің бронін, билетіңізді алып жүріңіз; 
  • тұратын жерге баратын жолды біліп алыңыз.  

Көлікпен барсаңыз, жолда кезігетін елді мекен, шекара пункті, жанармай бекеттерін белгілеп қойыңыз. Әуежай, вокзал не қонақүйде уайфай болады, бірақ ол сіздің жалғыз опцияңыз болмасын.  

Ресейге неге кіре алмай қалуыңыз мүмкін?

Ресей миграция ережесін бұзғандарды, рұқсат етілген мерзімнен артық жүргендерді, айыппұлын не салығын төлемгендерді кіргізбей қалуы мүмкін. Басқа себептері — мемлекет қауіпсіздігі, қоғам тәртібі, халық денсаулығын қорғау. Ол шешімдерді Ресейдің ішкі істер министрлігі, Федерал қауіпсіздік қызметі (ФСБ) мен басқа да өкілетті органдар шығарады.

Ресейге кіруіңізге шек қойылған-қойылмағанын ресми онлайн сервистерден біліп алыңыз:

  1. 1

    Ресейдің ішкі істер министрлігінің сайтына кіріңіз; 

  2. 2

    «Сервисы» → «Информационные сервисы» бөлімдерін ашыңыз; 

  3. 3

    «Проверка наличия оснований для неразрешения въезда на территорию Российской Федерации» таңдаңыз; 

  4. 4

    Аты-жөніңізді, туған күніңізді, азаматтығыңызды, паспорттағы деректеріңізді жазыңыз. 

  5. 5

    Өтініш жіберіңіз де, жауабын күтіңіз.  

Бұл сервистің жауабы анықтама деп біліңіз, егер Ресей кіргізбей қалуы мүмкін не бұрын миграция заңын өрескел бұздыңыз десе, билет алмай тұрып, Ресейдің ішкі істер министрлігіне өтініш жіберіңіз, шектеу бар-жоғын нақтылап алыңыз.  

Көп қойылып жүрген сұрақтар

Ресейге жеке куәлігімді көрсетіп кіре аламын ба?

Иә, шекарадан өтуге паспорт керек емес, бірақ билетіңізді қай құжатқа алсаңыз, шекарада сол құжатты көрсетесіз.  

Ресейге барам деген Қазақстан азаматтары виза алуға тиіс пе?

Қазақстан азаматтары Ресейге кіру үшін виза алуға міндетті емес. Қазақстан мен Ресей арасында визасыз режим бар. Қазақ туристері Ресейде бір жылда 90 күнге дейін жүре алады.  

Ресейге көлікпен кіруге бола ма?

Иә, Қазақстан азаматы Ресейге көлік айдап кіре алады. Жүргізушінің қолында паспорты не жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, көліктің құжаты, сақтандыруы мен миграция картасы болуы керек.  

RuID қолданбасына тіркелу міндет пе?

Иә, 2026 жылғы 1 шілдеден бері Ресейге барамын деген Қазақстан азаматтары RuID қолданбасына тіркеліп, QR кодын алуға тиіс. Оны шекарадан өтерге 72 сағат қалмай тұрып істеу керек.  

Қазақстан азаматы Ресейде неше күн тіркелмей жүре алады?

Қазақстан азаматы Ресейде ары кеткенде 30 күн тіркелмей жүре алады.   

Ресейге кірерде биометрия тапсыру керек пе?

Иә, тапсыру керек. Биометрия тапсырғанда фотоңыз бен саусақ таңбаңызды өткізесіз. Процедура шекара пунктінде өтеді. Сондықтан оларды алдын ала тапсырудың керегі жоқ.  

10

7

Автордың суреті
Мария Татарченко

автор, маркетиң бөлімімізде жұмыс істейтіндіктен туризмге қатыстының бәрінен хабардар

Сізге қызық болып қалар:

Шетелге барамын дегендерге арналған гайд

Шетелге барамын дегендерге арналған гайд

Осы айдардан:

Туристерге арналған нұсқаулық

Туристерге арналған нұсқаулық

Тариф, салық, алым, қызмет ақысы туралы бар ақпарат

Тариф, салық, алым, қызмет ақысы туралы бар ақпарат

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...