Қазақстан паспортын 2026 жылы қалай алуға болады?

Қазақстан паспортын 2026 жылы қалай алуға болады?
Білген жөн 7 мин оқисыз
05.02.2026

Қазақстан паспортын 2026 жылы қалай алуға болады?

Шетелге барамын дегендерге арналған гайд

Қазақстан азаматының екі негізгі құжаты болады: жеке куәлік пен паспорт. Жеке куәлік 16-дан асқан азаматтардың бәрінде болуы керек. Бұл құжат тек Қазақстанда қолданылады. Паспорт шетелге шығу үшін керек, сондықтан халықаралық құжат саналады. Сол паспортты 2026 жылы қалай алуға болатынын айтып берейік. 

☝️ Қырғызстан, Армения мен Ресейге кіру үшін жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз жетеді.

Паспортты қалай алуға болады? 

Қазақстан азаматы паспортты кез келген жаста ала алады. Балалар паспортын баланың ата-анасы не заңды өкілі жасатады. 

Қазақстан паспортын қайдан жасатамыз?

Кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына барып жасатамыз. Онлайн өтінім беріп те алуға болады.

Қазақстан паспортын алуға керек құжаттар

Ересектерге арналған тізім

  • Қазақстан азаматының жеке куәлігі;
  • Паспорт рәсімдеу туралы өтінім (Халыққа қызмет көрсету орталығында толтырасыз);
  • Қызметтің ақысын төлейсіз;
  • Ескі паспорт (жаңа паспорт алу керек болғанда);
  • Аты-жөніңізді, әкеңіздің атын өзгерткеніңіз туралы құжат;
  • Фото (өтінім бергенде түсесіз).

Балалар (16 жасқа толмаған)

  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • Әкесінің не шешесінің (заңды өкілінің) жеке куәлігі;
  • Заңды өкіліне арналған талап: заңды өкіл екеніңізді растайтын құжат;
  • Мемлекет бажы төлегені туралы түбіртек.

Мынандай жағдайларда ата-анадан нотариус растаған келісім керек:

  • Баланың әкесі я шешесі басқа елдің азаматы;
  • Ата-ана Қазақстанда мүлде тұрмаған;
  • Бала басқа елде дүниеге келді.
👶 Балаға паспорт жасарда оны орталыққа ертіп апаруыңыз керек. Себебі қызметкерлер оны фотоға түсіреді. Бала паспортын қалай жасатуға болатынын мына мақаламыздан оқыңыз.

Қазақстан паспортын онлайн алу

Қазақстан азаматын паспортын онлайн жаңарта (жасату емес) алады. Өйту үшін egov.kz сайтына кіріп, бар жазылғанды орындау керек. Бірақ біле жүріңіз: сайт кейде істемей қалатындықтан онлайн жаңарту мүмкін бола бермейді. 

Балалар мен паспортын бірінші рет жасатқалы тұрған адамдар құжатты онлайн жасата алмайды. Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек.

☝️ Жаңарту онлайн өтеді, ал дайын паспортты орталыққа барып аласыз.

1-қадам. Жеке кабинетке кіру

Еговтағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. ЭЦҚ теріп я eGov Mobile қолданбасынан кіріңіз. 

2-қадам. Қызметті тауып алыңыз

«Азаматтарға» деген бөлімді ашып, «Азаматтық, миграция, иммиграция» дегенді таңдаңыз. 

«ҚР паспорты мен жеке куәлігі» дегенді басыңыз. Кейін «ҚР жеке куәлігін, паспортын шығару» басыңыз.

«Онлайн сұрау» дегенді басыңыз. 

3. Өтінім толтырыңыз

1. Қызметтің түрін таңдаңыз (жеке басты куәландыратын құжатты ауыстыру).

2. Паспортты не үшін алғыңыз келгенін жазыңыз (уақыты өтіп кетті деп).

3. Қай құжатты рәсімдейтініңізді таңдаңыз.

4. Құжатыңызды қай орталықтан алып кетеніңізді таңдаңыз. 

5. Дайындап қойған фотоңызды жүктеп салыңыз.  

Паспортын онлайн алғысы келгендер не алып көргендердың көбі дәл осы жерде ары қарай өте алмадық дейді. Себебі фото не қол жүктегенде сайтта қате деп жазылып тұрады. Осындай мәселе туса, eGov-тың қолдау қызметіне жазыңыз.

6. Қолыңыздың үлгісін салыңыз.

7. «Жалғастыру» басыңыз.  

4-қадам. Өтінімге қол қойыңыз

  1. 1

    Файлдар жүктеліп болғанын күтіңіз.

  2. 2

    Өтінімге қол қоюдың ыңғайлы жолын таңдаңыз: SMS, ЭЦҚ не eGov қолданбасы арқылы.

5-қадам. Мемлекет бажын төлеңіз

  • Оны Kaspi-ден не Halyk банк-тен төлеуге болады;
  • Төлегеннен кейін «Шот төленді» деген батырманы басыңыз.

Паспорт дайын болғанда сізге СМС хабарлама барады. Оған 15 күн кетуі мүмкін. 

Паспорт жасату ақысы мен мемлекет бажы (2026 жыл)

2026 жылғы 1 қаңтардан бері Қазақстанда бір АЕК 4 325 теңгеге тең. Сондықтан Қазақстан паспортын жасатуға мынандай ақы (баж) төлейсіз: 

  • 24 бет (16-ға толмаған бала) – 17 300 теңге (4 АЕК);
  • 36 бет (ересек паспорты) – 34 600 теңге (8 АЕК);
  • 48 бет (кеңейтілген паспорт) – 51 900 теңге (12 АЕК).
Бала паспорты 24 бетті болады!

Ерекше жағдайлар

  • Паспортыңызды уақыты өтіп кеткендіктен немесе жоғалтып алғандықтан ауыстырып жатсаңыз, мемлекеттік баж мөлшері де кәдімгі паспорттағыдай бет санына қарайды. 
  • Паспортыңызды тағы жоғалтып алсаңыз, мемлекет бажы өспейді. Баж тек жеке куәлігіңіз жоғалып кеткенде артады. 

Паспорт тез арада керек болса, ақысын төлеп, процесті тездете аласыз. Бағасы өңіріңіз бен орталыққа байланысты болады.

Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбе қалаларында: бір жұмыс күні – 3 372 теңге; үш жұмыс күні ішінде – 1 771 теңге. Облыс орталықтарында: үш жұмыс күні ішінде – 3 372 теңге, бес жұмыс күні ішінде – 1 771 теңге. Аудандар мен облыс қалаларында: жеті жұмыс күні ішінде 678 теңге.

Қазақстанның Салық кодексіне сай мемлекет бажын мына адамдар төлемейді: 

  • Кеңес одағының қаһарманы, Социалистік еңбек ері, «Отан», «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы» және басқа да орден иелері;
  • Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлері мен соған теңестірілген адамдар;
  • «Алтын алқа», «Күмiс алқа», «Батыр ана» атағына ие көпбалалы аналар;
  • Мүгедектігі барлар (мүгедек баласы барлар да);
  • Қарттар мен мүгедектігі барларға арналған ұйымдарда тұрып жатқандар;
  • Жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар (мемлекет толықтай асырап отырған балалар);
  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер.
☝Осылардың бірі болсаңыз, соны дәлелдейтін құжатыңызды алып жүріңіз!

Ақысын қалай төлеуге болады?

1. eGov-тан онлайн төлейсіз. Төлем кезеңіне жеткенде Kaspi QR не Halyk банк арқылы төлейсіз. 

2. Банк қолданбаларынан (Kaspi, Halyk, басқасы);

  • «Төлемдер» бөлімін ашыңыз;
  • «Қазақстан паспортының мемлекеттік бажы» дегенді таңдаңыз;
  • Төлемнің бірегей кодын жазыңыз;
  • Ақыны төлеңіз де, электрондық түбіртекті сақтап қойыңыз.

3. Халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда телефоныңызға банк QR кодын түсіріп төлеуге болады. 

Паспорт дайындау мен дайын құжатты алып кету

Стандарт мерзім

Паспорт өтінім бергеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде шығады. Мерзім мемлекеттік баж төленгенде басталады. 

Тезірек алу

1 жұмыс күні — республикалық маңызы бар қалалар мне облыс орталықтарында. 

3 жұмыс күні — қалған өңірлерде.

Дайын паспортты қайдан қалай алып кетесіз?

Паспортты Халыққа қызмет көрсету орталығынан алып кетесіз. Оны жеке куәлігіңізді көрсетіп аласыз. 

Қазақстан паспортын тек өзіңіз аяқтай барып аласыз, сенімхат жазып беріп, біреуге алдыруға болмайды. 

16-ға толмаған баланың паспортын ата-анасы не заңды өкілі баланы апарып алады.

Паспорттың жарамдылығы

  • 12-ге толмаған баланың паспорты 5 жыл жарамды болады. Ондай жасты балалардың түрі тез өзгеретіндіктен паспорт мерзімі де азырақ болады. 
  • 12–16 жасар баланың паспорты 10 жыл істейді. 
  • 16-дан асқан адамның паспорты да 10 жыл жарамды болады.

Паспортқа арналған фото: талаптары

Паспорт фотосына арналған талаптар Egov сайтында жазылған. 

  • Сурет кейінгі 6 айдың ішінде жасалған болуы керек. 
  • Фото анфас, фоны ақ болуы керек. Өзіңіз эмоциясыз, ал аузыңыз жабық болуы керек;
  • Сканерден өткен, фотошопталған суреттер, униформа киіп түскен сурет, ксерокопиядан өткен сурет жарамайды. 
  • Фотоның өлшемі: 3,5 × 4,5 см (413 × 531 px), максимум 30 КБ, 24 бит, 300 dpi;
  • Көз: ашық әрі дұрыс көрініп тұруы керек, шаш түсіп тұрмауы қажет;
  • Көзәйнек: болмайды. Күннен қорғайтын көзәйнек тағуға болмайды. Дәрігер көзқалқан тағу керек десе болады.  
  • Бас киім: болмайды. Тек дін, дәрігер міндеттесе киіп түсуге болады. Бірақ бетіңіз ашық болуы керек. 
  • Жарық: біркелкі әрі көлеңкесіз болуы керек, «қызыл көз» болмауы керек. 
  • Фон: бір тонды ашық түс болуы керек (сұр болса жақсы). Өрнексіз, көлеңкесіз және бөгде заттарсыз.
  • Бала: Түрі фотоның 50–80%-ын алуы керек. 6-ға толмаған бала сәл тіке қарамаса не түрі сәл эмоциялы болса болады.

Жиі қойылып жүрген сұрақтар

Бір Қазақстан азаматы неше паспорт иесі бола алады?

Қазақстан азаматының бір-ақ паспорты бола алады. Екі паспорт алуға тыйым салынған. 

Жаңа паспорт алғанда ескісі жарамай қалады. Оны орталыққа өткізуіңіз керек.

Паспортымды жоғалтып не ұрлатып алсам не болады?

  1. 1

    Полицияға барып, арыз жазыңыз, жоғалып кеткені туралы анықтама алыңыз;

  2. 2

     Халыққа қолдау көрсету орталығына барып немесе еговтан жаңа паспорт алуға өтінім жазыңыз;

  3. 3

    Мемлекет бажын төлеңіз;

  4. 4

    Болды, енді ескі паспорт жарамсыз болып қалады.

Паспортыңызды шетелде жүргенде жоғалтып алсаңыз, оны қалпына келтіру процесі туралы ақпаратты мына жерден оқыңыз. 

Аты-жөнімді өзгерттім/деректерімде қате бар

Паспортты мына жағдайларда қалайда ауыстыру керек: 

  • аты-жөніңіз өзгерсе;
  • жеке деректеріңіз қате жазылса;
  • жынысыңыз өзгерсе;
  • құжат бүлініп қалса.

Ондайда паспортты Халыққа қызмет көрсету орталығына барып не еговтан ауыстырасыз. Аты-жөніңізді өзгерткенде оны неге өзгерткеніңізді көрсететін құжатты бересіз. Мысалы, неке туралы куәлік, сот шешімі, тағы басқасы.

Жаңа паспорт алғанда ескісін алып қалсам бола?

Жоқ. Паспорт жаңартылғанда ескісі жарамай қалады, оны кері өткізуіңіз керек. 

Ескі паспортта жарамды визаларыңыз болса, қызметкер оны жарамсыз деген белгі қойғаннан кейін қайтарып беруі мүмкін. Бірақ оны жарамды құжат ретінде пайдалана алмайсыз.

Паспортты жеке куәлігім болмаса да аламын ба?

16-дан ассаңыз, жоқ, ала алмаймыз. Паспортты алып кетерде жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз керек. 

16-ға толмаған балалар жеке куәлігінсіз ала береді. Өтінім жазғанда туу туралы куәлігін көрсетеді.

Балаға паспорт жасатқанда ол баруы керек пе?

Иә. Баланың паспортын ата-анасы не заңды өкілі жасатқанмен бала фотоға өзі барып түсуі керек. 

Паспорт неше бетті болсын: 36 бетті пе, әлде 48 бетті ме?

Шетелге жиі шығып жүрсеңіз, көп виза керек десеңіз, шетелде жұмыс істесеңіз, 48 беттісін алыңыз. Бірақ жұрттың көбіне 36 бет де жетіп жатыр. 

4

0

Автордың суреті
Мадина Даутова

редактор, саяхат туралы ақпаратын мәдениет пен ғылымға, тәжірибесіне сүйеніп жазғанды ұнатады

Сізге қызық болып қалар:

Еуропаны көргісі келетіндерге арналған нұсқаулық

Еуропаны көргісі келетіндерге арналған нұсқаулық

ҚР заңы, керек құжаттар, мерзімі мен бағасы

ҚР заңы, керек құжаттар, мерзімі мен бағасы

Қобалжымаңыз, сабыр танытып, біздің нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз

Қобалжымаңыз, сабыр танытып, біздің нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз

Осы айдардан:

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қалай бірнеше елде заңға сай жұмыс істеуге болады?

Қалай бірнеше елде заңға сай жұмыс істеуге болады?

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі