Нотбугымды қолжүкке сала аламын ба?

Нотбугымды қолжүкке сала аламын ба?
Кеңес 4 мин оқисыз
07.07.2026

Нотбугымды қолжүкке сала аламын ба?

Егжей-тегжейі жазылған нұсқаулық

Иә, ұшақ жолаушылары ноутбугын қолжүкке сала алады не жеке зат деп алып жүре алады. Әуежайдың көбінде қауіпсіздік тексерісінен өтерде оны сөмкеден шығарып көрсетуіңіз керек. Қолжүкке салынатын ноутбукқа қатысты ережелердің бәрін осы жерге жиып қойдық. Оқи отырыңыз. 

Бұл мақалада Freedom Travel авторы ноутбук ұстап ұшқан тәжірибесін айтып береді. 

Ноутбук салынған сөмке қолжүк бола ма, әлде жеке зат бола ма? 

Ноутбукқа арналған сөмке ұшақта жеке зат та, қолжүк те болуы мүмкін. Оны әуе компаниясы шешеді. Әдетте қолжүгіңізді багаж сөресіне, ал жеке затыңызды алдыңғы орынның астына қоясыз.

Сондықтан бұл сұрақтың бір жауабы жоқ. Жолаушы билетінің тарифіндегі шарттарға қарауы керек.

Тырнақшалар

Ноутбугымды кішігірім рюкзакқа салып, алдымдағы орынның астына қоямын. Керек кезде оп-оңай суырып ала саласың.

Автордың суреті

Любовь Каракулова

Мақаланың авторы

Қолжүк пен жеке заттың айырмашылығы 

Қолжүкті (кішкентай шабадан, үлкен рюкзак) багаж сөресіне, ал жеке затты (ноутбук сөмкесі, кішкентай рюкзак, әйел сөмкесі) алдыңғы орынның астына саласыз. 

Қолжүк пен жеке затқа қатысты ережені әуе компаниясы шығарады, сондықтан бір жерде ноутбук сөмкесі жеке зат, ал басқа жерде қолжүк болуы мүмкін.

ПараметрҚолжүкЖеке зат
ӨлшеміӘдетте үлкенірек, көп жерде 5-10 кг болуы керекКішігірім, орындықтың астына сыйып кетуі керек
Тұратын жеріЖоғарғы багаж сөресі Алдыңғы орындықтың астына
МысалыШабадан, үлкен рюкзакНоутбук сөмкесі, сөмке, кішкентай рюкзак
ШектеуСалмағы мен өлшеміне қойыладыТариф ақысына кіреді

Әуе компанияларының ноутбук тасуға қатысты нормалары

Жолаушылар ең көп қателесетін жері — әуе компаниясының ережелерін оқымау. Ноутбук қолжүктің бір бөлігі, салмағы — 1,5–2,5 келі. 

Тырнақшалар

Лаптопымның салмағы 2 келідей. Мұны қолжүгімді жинағанда ескеремін.

Автордың суреті

Любовь Каракулова

Мақаланың авторы

Мынау — танымал әуе компанияларының қолжүкке қатысты нормалары, бірақ ұшар алдында тарифіңізді бір тексеріңіз.

Әуе компаниясыМаксимал салмақМаксимал өлшемОрын саныЖеке затқа қатысты норма
Turkish Airlines8 кг55×40×23 смЭкономда 1 орын, бизнесте орынЖеке заттың салмағы ары кеткенде 4 кг, ал өлшемі 40×30×15 см аспауға тиіс
Air Astana8 кг56×45×25 смЭкономда 1 орын, бизнесте 2 орынКішкентай сөмке, я портфель, я салмағы 3 кг аспайтын рюкзак; ноутбук пен оның сөмкесі қолжүк алып жүру нормасына қарайды
FlyArystan7 кг тегін, 10 кг дейін ақылы 56×23×36 см1 орынСалонға апаратын заттың бәрі, ноутбук та қолжүк саналады, сондықтан бәрін сөмкеге салуыңыз керек
SCAT10 кг55×40×25 см1 орын Жеке затқа қатысты ережені тариф шартынан біліп алыңыз
EmiratesЭкономда 7 кг, премиумда 10 кг, бизнесте 14 кг55×38×22 смПремиум мен экономда 1 орын, бизнес пен бірінші класта 14 келіден 2 орынЖеке затқа қатысты норма клас пен бағытқа байланысты болады
Qatar Airways7 кг50×37×25 смЭкономда 1 орын, бизнесте 2 орынНоутбук қолжүкке сыюы керек; бөлек ноут сөмкесі қолжүк саналуы мүмкін
Lufthansa8 кг55×40×23 смЭкономда 1 орын, бизнесте 2 орынЖеке заттың өлшемі максимум 40×30×15 см; ноутбук салған сөмкені орындық астына қоясыз

Ноутбукты багажға өткізуге бола ма?

Иә, болады, бірақ багажға салу қауіпті болуы мүмкін. Ноутбукты багажға салуға болмайды деген тыйым жоқ, бірақ багаж орта жолда жоғалып кетуі мүмкін не сынып қалуы мүмкін. Сондықтан тәуекел етудің керегі жоқ. Өз басым ноутбугымды тек қолжүкке саламын. 

Қаперіңізде жүрсін: ноутбугыңыз багажға өтер-өтпесі оның батареясына қарайды, сондықтан әуе компаниясынан литий батареясы бар ноутбукты қайда салу керегін сұрап алыңыз. 

Неге ноутбук жаныңызда болғаны дұрыс?

Ноутбукты қолжүкке салған абзал. Себебі:

  • багаж тасығанда ноутбук сынып, бұзылып қалуы мүмкін;
  • іріктегенде біреу ұрлап кетуі мүмкін;
  • жүк бөлігінде температура бір түсіп, бір көтеріледі;
  • байланыстырушы рейстерде жоғалып кетуі мүмкін;
  • өтемақысы аз: әуе компанияларының көбі ноутбукқа жауап бермейміз деуі мүмкін. 

Қосалқы литий-ионды батареяны багажға өткізуге болмайды, ал істеп тұрған ноутбукты салонға апарған дұрыс.

Ұшақта литий-ионды аккумуляторларды тасу ережелері

Литий-ионды аккумулятор ноутбуктың ажырамас бөлігі болғандықтан, ICAO мен IATA белгілеген аккумуляторларды тасу ережелеріне жолаушылар да бағынуға тиіс.

Көптеген ноутбук аккумуляторларының сыйымдылығы 100 Вт·сағ-тан аспайды, сондықтан оларды қолжүкке салуға рұқсат берілген. Ал сыйымдылығы 100 Вт·сағ-тан жоғары батареяларды тасымалдау үшін әуе компаниясынан алдын ала рұқсат алу керек. 

Мысалы, 15 дюйм MacBook Pro Retina ноутбугы аккумуляторы қызып кетеді және жанып кетуі мүмкін деген қауіптің кесірінен бір кезеңде бірнеше әуе компаниясы мен Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігі (EASA) оны тасымалдауға уақытша тыйым салған еді.

Сондықтан ноутбукты немесе оның аккумуляторын тіркелетін багажға салмаған жөн. Аккумулятор қызып немесе жанып кетсе, мұндай жағдайды ұшақ салонында әлдеқайда тез байқап, дер кезінде әрекет етуге болады.

Қосалқы ноутбук батареясы: жолаушы нені ескеруі керек?

Қосалқы литий-ион аккумуляторды тек қолжүкке салу керек. Багажға тапсырмайсыз. 

Ұшқанда пауербанк қолданамын десеңіз, қуатын тексеріңіз: қуаты 100–160 Вт·сағ асқан пауербанк ұстап жүру үшін әуе компаниясынан рұқсат алуыңыз керек. Құрылғыны бөлек пакетке саласыз. 

Ноутбугыңызды кеден тексерісінен қалай өткізесіз?

Әуежайда ноутбугы бар жолаушылар оны қалай тасу керегін білмегендіктен тексерісте біраз кідіріп қалады. Заттар рентгеннен өтетіндіктен ноутбукты бөлек себетке саласыз. Әуежай қызметкері оны қосыңыз деуі де мүмкін. Қазір сізге ноутбугы барлар қалай тексерілетінін көрсетейік. 

Ноутбуктың қуаттағышын, сымдары мен құлаққабын да бөлек қойыңыз деуі мүмкін. Солай процесс тезірек өтеді.

CT-3D сканері бар әуежайларда мұндай талаптар қойылмайды. 

Ноутбукты неге қосып көрсету керек?

Әуежай қызметкерлері компьютеріңізді қосыңыз деп бұйыруы мүмкін. Себебі олар құрылғы шынымен істеп тұрған ноутбук екеніне көз жеткізгісі келеді. Біреулер құрылғы ноутбук деп қауіпті зат өткізбек болуы ғажап емес. Сондықтан ноутбугыңыздың қуаты толы болуы керек, қуаты таусылып қалса, тексерісте кідіріп қаласыз. 

Тырнақшалар

Ноутбук тексеру әр жерде әртүрлі өтеді. Сеул әуежайының қызметкері ноутбугымды бұғаттан шығарыңыз деді, ал Ыстамбұл әуежайындағылар қалай істеп тұрғанын көрсетіңіз деді, ал Анталия әуежайының қызметкері түк те талап еткен жоқ.

Автордың суреті

Любовь Каракулова

Мақаланың авторы

Ноутбукты ұшқанда қолдануға бола ма? 

  • Көкке көтеріле бастағанда, қона бастағанда, қонып жатқанда техниканы алып тастайсыз. Турбуленттік болғанда алдыңызға қоймаңыз. Ұшақ күрт қозғалғанда өзіңізді не көршіңізді жарақаттауы мүмкін. 
  • Көкке көтерілгенде «Белдік тағыңыз» деген табло сөнгенде ноутбугыңызды қоса беруге болады. Бірақ авиа режиімін қосыңыз.

Ұшақта USB порты мен розетка болар-болмасы борт түріне, бағыты мен қызмет класына байланысты болады. 

Ноутбукты ұшуға қалай дайындау керек?

Лаптоптың өз сөмкесі болғаны жақсы, сынып қалмайды.

Тырнақшалар

Ноутбугымды ала ұшқанда арнайы бөлігі бар FILA сөмкесін қолданамын. Тексерілгенде ашып көрсетерге ыңғайлы, көлемі жағынан да көптеген әуе компаниясының талаптарына сай жеке зат ретінде өте алады.

Автордың суреті

Любовь Каракулова

Мақаланың авторы

Ноутбукқа бөлек неопрен қап кигізсеңіз де болады. 

Freedom Travel-дың ноутбукты ұшуға дайындауға қатысты кеңестері

  1. 1

    Ноутбукты 80–100%-ға дейін қуаттап қойыңыз;

  2. 2

    Қонар алдында ұйқы режиміне ауыстырмай, толық өшіріп тастаңыз;

  3. 3

    Қуаттағышын, тінтуірін, флешкасы мен басқа да құрылғыларын суырып тастаңыз;

  4. 4

    Ноутбукты неопрен қапқа салыңыз;

  5. 5

    Рюкзактың арнайы бөлігіне салыңыз;

  6. 6

    Тексерісте тезірек шығару үшін қайда жатқанын есіңізге сақтаңыз;

  7. 7

    Құрылғының ішіндегі деректерді басқа бір жерге сақтап қойыңыз. Ноутбук тексерістен өткенде не жоғалып кеткен не бұзылып қалғанда керек болады.

Ноутбук салатын сөмкені, рюкзакты қалай таңдаймыз?

Ноутбук сөмкесін әуе компаниясының жеке зат пен қолжүк туралы талабына қарап алыңыз. 

  • сөмкенің көлемі қолжүк не орындық астына салатын жеке заттың көлеміне сай болуы керек;
  • ішінде жұмсақ төсемі болуы керек;
  • ноутбукты тексерісте тез шығарып беретіндей ыңғайлы болуы керек;
  • жұмсақ жақтары соққыдан қорғауы керек;
  • қуаттағышы мен құжаттар бөлек жатуы керек, ноуттың корпусына тиіп тұрмауы керек.
Тырнақшалар

Ақыл-кеңесім — ноутбукты соған арналған бөлігі бар рюкзакқа салыңыз. Қолжүгіңіз бөлек, ноутбугыңыз бөлек жатса, ары-бері жүргенде ыңғайсыз болады.

Автордың суреті

Любовь Каракулова

Мақаланың авторы

Ноутбукты басқаша қорғау

Ноутбукты рюкзакқа салар алдында арнайы қапқа салыңыз. Қап неопрен не қатты пластик болса жақсы.

Дүниеңізді жоғарғы сөреге қоямын десеңіз, тікірейтіп қойыңыз, экраны төбеге қарап тұрсын, үстіне ауыр зат қоймаңыз не өзгесі қоймағанын қадағалаңыз. Ең дұрысы – оны алдыңыздағы орындықтың астына салыңыз. Ноутбугыңыз өте қымбат тұрса, сақтандырып қойғаныңыз абзал.

Ноутбук алып ұшуға қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтар

Ноутбук қолжүк санала ма?

Иә, көп жерде қолжүк саналады. Жолаушы ноутбугын ұшаққа апара алады, бірақ оның қуаттағышы, салмағы мен сөмкесі қолжүк лимитінен аспауы керек. Сондықтан ұшар алдында әуе компаниясының қолжүкке қатысты ережесін біліп алыңыз: бір компаниялар құрылғыны қолжүкке сал дейді, ал бір компаниялар қолжүктің қасына жеке зат ретінде алып жүруге рұқсат етеді. 

Ноутбук жеке зат па, қолжүк пе?

Ноутбук жеке зат та, қолжүк те бола алады. Тағы да қайталаймыз: оның бәрі әуе компаниясының тарифі мен шарттарына қарайды. Ноутбук пен оның сөмкесі алдыңғы орынның астына сыйса, жеке зат саналады. Ал оны үлкен рюзакқа не шабаданға салсаңыз, қолжүк саналады. 

Ноутбукты багажға салуға бола ма?

Иә, болады. Десе де багажға өткізбегеніңіз жақсы, себебі ары-бері тасығанда сынып не жоғалып кетуі мүмкін. Одан бөлек, құрылғының ішінде литий-ионды аккумулятор болады, ал ондай батареяны тек салонда тасыған жөн. 

Қожүкке екі ноутбук салуға бола ма? Ол үшін баж салығын төлеймін бе?

Қолжүкке екі ноутбук салуға болады, бірақ олардың өлшемі (салмағы, көлемі) қолжүк лимитінен асып кетпеуі керек. Баж салығын төлер-төлемесіңіз баратын елдің, техниканың ақысына, оны сату үшін алып-алмағаныңызға байланысты. 

Қазақстан мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде қолдану үшін алынған заттарды ұшақпен алып келуге және оның санына қатысты лимит бар. Тағы бір жаңа ноутбук тасимын десеңіз, түбіртегін алып қойыңыз, кеденшілерге оны неге алғаныңызды түсіндіруге дайын болыңыз.

Әуежайдағы тексерісте ноутбугымды шығаруым керек пе? Неге?

Иә, әуежайлардың көбінде қауіпсіздік тексерісі кезінде ноутбукты сөмкесінен шығарып, бөлек себетке саласыз. Себебі рентгенде аккмулятор мен металл заттар оның астында не үстінде жатқан заттарды көрсетпейді. CT сканері бар әуежайларда бұл талап біртіндеп жойылып келеді. Қайткенде де әуежайға барғанда құрылғыңызды шығаруға дайын болыңыз.

Ноутбуктың салмағы қолжүк салмағынан асып кетсе, не болады?

Ноутбук салынған қолжүктің салмағы нормасынан асып кетсе, әуе компаниясы кей затыңызды багажға өткізіңіз не артық салмақтың ақысын төлеңіз дейді. Ноутбукты қайткенде де багажға өткізбегеніңіз жақсы, қызметкерлер рұқсат берсе, оны бөлек алып жүріңіз не қолжүктегі басқа заттарыңызды багажға өткізіңіз де, орнына ноутбукты кері салыңыз. Тіркелерде проблема тумасын десеңіз, рюкзагыңызды үйден өлшеп шығыңыз.

3

0

Автордың суреті
Любовь Каракулова

автор, қайда бара жатқанын, онда не істейтінін, қалай жететінін жол жүрер алдында анықтап алады

Сізге қызық болып қалар:

Осы айдардан:

Что нужно знать, чтобы без проблем пройти досмотр
30.06.2026

Что нужно знать, чтобы без проблем пройти досмотр

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары