Пауербанкті ұшақпен тасуға қатысты ережелер

Пауербанкті ұшақпен тасуға қатысты ережелер
Кеңес 5 мин оқисыз
20.04.2026

Пауербанкті ұшақпен тасуға қатысты ережелер

Әуежайда пауербанкіңізден айырылып қалғыңыз келмесе осы мақаланы оқыңыз

Пауербанкті ұшаққа кіргізуге болады, бірақ оны қолжүкке ғана саласыз. Багажға өткізуге болмайды. Әуе компанияларының көбі қуаты 100 Вт/сағ жетпейтін қуаттағыш құрылғыларды өткізе береді, бірақ қуаты 100–160 Вт/сағ арасындағы пауербанкті тасып жүру үшін әуе компаниясынан рұқсат алуыңыз керек, ал 160 Вт/сағ түрін қолжүкке де сала алмайсыз. Осы мақалада пауербанкке қатысты бар лимитті тізіп берейік.  

Пауербанк деген не? Оған қатысты ережелер неге ерекше?

Пауербанк — смартфонға не басқа құрылғыға арналған сыртқы қуаттағыш. Авиация реттеушілері оны құрылғы емес, қосалқы аккумулятор, гаджетке орнатылмаған литий батарея көреді.

Сондықтан оған қатысты талаптар телефонға не ноутбукқа қоятын талаптарға қарағанда қаталырақ болады. Телефон мен ноутбуктың қатты қызып кетуден қорғайтын ішкі қорғанысы болады, ал пауербанк — жылуын реттейін функциясы жоқ батарея корпусы.

Қолжүктегі пауербанкке қатысты ережелер

2026 жылғы 1 қаңтардан бері IATA ұйымы пауербанкті ұшақпен тасуға қатысты ережелерін өзгертті.

Енді сыртқы аккумуляторды тек қолжүкке салуға болады. Багажға өткізе алмайсыз. 

  • Алдыңыздағы орынның астына не арқалындағы қалтаға салуға болады, бірақ үстіңгі сөреге қоюға болмайды; 
  • Пауербанкті борттағы USB розеткадан қуаттауға тыйым салынған;
  • Ал электрондық құрылғыңызды пауербенктен қуаттауға болмайды; 
  • Бір жолаушы ары кеткенде екі пауербанк алып жүре алады.  
  • Қуаты 160 Вт·сағ-тан асқан пауербанкті ешбір әуе компаниясы өткізбейді.  Корпуста сыйымдылығы көрсетілген таңбасы міндетті түрде болуы керек. Сыйымдылығы мА·сағ немесе Вт·сағ деп жазылады. Мұндай таңбасы болмаса, қауіпсіздік қызметкерлері құрылғыны алып қоя алады. 
Қытайға не оның ішінде ұшқанда ережелер қатаңырақ болады. 2025 жылғы 28 маусымнан бері Қытайда пауербанктердің CCC (China Compulsory Certificate) сертификаты болуы керек деген талап бар. 2024 жылға дейін шығарылған құрылғылардың көпшілігінде бұл белгі жоқ. Тіпті Xiaomi сияқты танымал брендтер де оны барлық құрылғыға бірдей түсірмеген. CCC белгісі болмаса, Қытай ішінде ұшатын рейстерде қызметкерлер пауербанкті тартып алуы мүмкін.  

Қуаттағыш құралдың қуатын қалай есептейсіз?

Әуе компаниялары пауербанктің ватт/сағат деп белгіленген сыйымдылығына қарайды. Бірақ пауербанктің көбінде сыйымдылық миллиампер/сағат деп көрсетілген. Екеуі екі түрлі нәрсе.

Былай есептейміз: 

Вт·сағ = (мА·сағ × В) ÷ 1000 

Корпуста жазылып тұрған сыйымдылықЕсебіНәтижесі (Вт·сағ)
10 000 мА·сағ10 000 × 3,7 ÷ 1000≈ 37 Вт·сағ ✅
20 000 мА·сағ20 000 × 3,7 ÷ 1000≈ 74 Вт·сағ ✅
27 000 мА·сағ27 000 × 3,7 ÷ 1000≈ 99,9 Вт·сағ ✅
30 000 мА·сағ30 000 × 3,7 ÷ 1000≈ 111 Вт·сағ ⚠️ рұқсат керек
50 000 мА·сағ50 000 × 3,7 ÷ 1000≈ 185 Вт·сағ❌

Багаждағы пауербанкке қатысты талаптар

Пауербанктің сыйымдылығыНені білдіреді?Ұшаққа кіргізуге бола ма?
100 Вт·сағ дейінКәдімгі пауербанк (~27 000 мА·сағ дейін)Иә, қолжүкке салуға болады
100–160 Вт·сағҚуаты көп пауербанк (27 000–43 000 мА·сағ)Иә, болады, бірақ әуе компаниясының рұқсатын алу керек, макс. 2 пауербанк алып жүруге болады
160 Вт·сағҚуаты тым көп құрылғыТыйым салынған

Әуе компанияларының power bank-ке қатысты талаптары

Әуе компанияларының бәріне ортақ бір ереже жоқ. Әр тасымалдаушының өз талабы болады. Біреу бір пауербанк алып жүруге болады дейді, басқасы саны екіден аспасын дейді. Сондықтан ұшар алдында әуе компаниясына хабарласып, пауербанкке қатысты бар сұрақтың жауабын нақтылап аламыз. 

Әуе компаниясыНегізгі ережелер
Air Astana100 Вт·сағ жетпейтін пауербанкті қолжүкке саламыз. Одан күштісін қызметкерлер алып қалады. Қолжүкті багажға өткізуге тура келсе, ішінен пауербанкті алуы керек. Бортта қолдануға болмайды. 
SCAT AirlinesХалықаралық ережеге бағынады: тек қолжүкке саласыз, рұқсат сұрамай макс. 100 Вт·сағ алып жүруге болады. Қуаты 100–160 Вт·сағ болса, әуе компаниясынан рұқсат алу керек. Белгісі болуы керек. 
FlyArystanAir Astana сияқты. 
АэрофлотАры кеткенде 100 Вт·сағ болса, рұқсат алмасаңыз да болады; 100–160 Вт·сағ болса, рұқсат алу керек; макс. 2 пауербанк. Контейнерге не қапқа саласыз. Пауербанкті бортта қолдануға болмайды.  
Pegasus AirlinesТек қолжүкке саласыз; стандарт лимит ары кеткенде 100 Вт·сағ, бір жолаушы 1-ақ пауербанк ала алады. Бортта қолдануға және жоғарғы сөреге қоюға болмайды.  
Turkish Airlines100 Вт·сағ жетпейтінін рұқсатсыз ұстап ұшуға болады; 100–160 Вт·сағ болса, рұқсат алу керек, макс. 2 дана.  
EmiratesҚолжүкке ғана салуға болады. Белгісі бар-жоғын, күйін тексеруі мүмкін. Бортта қосуға не қолдануға болмайды. Ұшақтарының бәрінде розетка бар.  
Wizz AirIATA стандартына бағынады. Бір жолаушы 2-ақ пауербанк ұстап жүре алады. Бортта қолдану жағы рейсіңізге байланысты.  
S7 AirlinesS7 әуе компаниясы литий мөлшері 2 грамнан аспаған, қуаты 160 Вт·сағатқа жетпейтін пауербанктерге ештеңе демейді. Құрылғыда қалайда тиісті таңбасы болуы керек. Пауербанкті тек қолжүкке салу керек. Бортта қолдануға тыйым салынбаған.  
American Airlines100 Вт·сағаттан аспайтына шектеу қойылмаған; 100–160 Вт·сағ болса, рұқсат алу керек.
Singapore Airlines2026 жылғы 15 сәуірден бері CAAS директивасына (Сингапур азаматтар авиациясы басқармасы) бағынады, сондықтан бір жолаушы көп дегенде 2 пауербанк алып жүре алады. 100 Вт·сағ жетпейтінін рұқсатсыз ұстап жүре бересіз, ал 100–160 Вт·сағ болса, тасымалдаушымен келісіп алуыңыз керек.  
Lufthansa2026 жылғы 15 қаңтардан бері Lufthansa (Lufthansa, SWISS, Austrian Airlines, Brussels Airlines, Eurowings, ITA Airways пен Edelweiss) компаниялар тобы бір ережеге бағынады. Бір жолаушы — ары кеткенде 2 пауербанк. Қолжүкке ғана салуға болады, ол жүк орындық астына я алдыңғы орынның қалтасына салу керек я ұстап отыру керек. Төбедегі сөреге қоюға болмайды. Бортта қолдануға болмайды. Сыйымдылығы 100–160 Вт·сағ болса, әуе компаниясымен алдын ала келісіп алу керек.  

Пауербанкке қатысты кеңестеріміз

  • Контактілерін қорғаңыз. Пауербанктің контактілері ашық қалса металл затқа тигенде қысқа тұйықталуы мүмкін. Сондықтан оны өзінің қабына я өртке қарсы қапқа (firebag) салыңыз немесе ағытпасына изолента жамаңыз. 
  • Қол жететін жерде тұрсын. Құрылғыны сөмкенің бетіне салыңыз. Тексеріс кезінде қызметкерлер бөлек шығарыңыз деуі мүмкін.  
  • Жоғарғы сөреге қоймаңыз. Бортқа мінгенде пауербанк тұрған сөмкені әуе компаниясы мен IATA ережесіне сай жоғарғы сөреге салмайсыз. Оны орындықтың астына не алдыңызда тұрған орындықтың қалтасына саласыз.  
  • Қуатын тексеріңіз. Әуе компаниясының қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметкерлері құрылғы істеп тұрғанына көз жеткізбекке қосып, көрсетіңіз деуі мүмкін. Қуаты таусылып қалған пауербанкті өткізбей тастауы мүмкін. Сондықтан қуаттап шығыңыз.  
  • Бұзылған не ісіп тұрған пауербанк алмаңыз. Деформацияға ұшыраған, іскен жері бар пауербанкті әуежай қауіпті аккумулятор деп өткізбей тастайды.  
  • Сыйымдылық есебін қағазға шығарып алыңыз. Пауербанктің корпусында мА·сағ деп жазылып тұрса, оны Вт·сағ аударған есебіңізді қағазға шығарып алыңыз немесе телефонға сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік қызметкерлері сыйымдылығын біліп әлек болғанда көрсетесіз.  

FAQ: Жиі қойылып жүрген сұрақтар

Қуаты 30 000 мА·сағаттан асқан пауербанкті ұшаққа кіргізуге бола ма?

Әуе компаниясына және құрылғының нақты кернеуіне байланысты.

Литий-ионды пауербанктердің көбінің кернеуі 3,7 В. Мұндай жағдайда 30 000 мА·сағ × 3,7 В ÷ 1000 ≈ 111 Вт·сағ болады. Алайда кейбір құрылғының кернеуі 5 В, сондықтан сыйымдылығы 30 000 мА·сағ болатын пауербанктің қуаты 150 Вт·сағ-қа жетуі мүмкін. Екі жағдайда да қуат 100–160 Вт·сағ аралығында болады. Мұндай пауербанкті ұшақпен тасу үшін әуе компаниясымен алдын ала келісіп алу қажет. Рұқсат болмаса, ұшаққа кіргізе алмайсыз.

Еш қиындықсыз ұшқыңыз келсе, корпусында қуаты 100 Вт·сағ-тан аспайтыны анық көрсетілген құрылғыны таңдаңыз. Мұндай пауербанктерге ешкім ештеңе демейді.

Аэрофлот әуе компаниясымен ұшқанда пауербанкті қолжүкке салуға бола ма?

Иә. «Аэрофлот» әуе компаниясы қуаты 100 Вт·сағаттан аспайтын пауербанктерді қолжүкке салуға болады дейді. Ал қуаты 100–160 Вт·сағ болатын құрылғылардың ары кеткенде екеуін алып жүре аласыз, бірақ оларды тасымалдауға алдын ала рұқсат алу қажет. Пауербанктің корпусында өндіруші көрсеткен сыйымдылық таңбасы міндетті түрде болуы керек. 

Бортта қуаттағышты пайдалануға болмайды дейді, смартфонымды қуаттау керек болса қайтем?

Оның бірнеше амалы бар. Ұшар алдында құрылғыныңыздың бәрін толық қуаттап алыңыз. Ең оңайы— осы.

Екіншісі — ұшақтағы USB порттарын не розеткаларды пайдаланыңыз. Ұзақ ұшатын рейстердің көпшілігінде олар әр орындықтың жанында болады.

Үшінші амалы — бортсеріктен нақтылап сұраңыз. Кейбір әуе компаниясы ұшқан кезде пауербанк қосуға тыйым салғанымен, ұшақ ұшпай тұрғанда я қонғаннан кейін пайдалануға рұқсат береді. Құрылғыға кез келген уақытта қуат керек болып қалады десеңіз, билет алғанда пауербанкке қатысты талаптары қатаң емес я розеткалары бар әуе компаниясын таңдаңыз.

2

0

Автордың суреті
Мадина Даутова

редактор, саяхат туралы ақпаратын мәдениет пен ғылымға, тәжірибесіне сүйеніп жазғанды ұнатады

Сізге қызық болып қалар:

Нені багажға, нені қолжүкке салуымыз керек?

Нені багажға, нені қолжүкке салуымыз керек?

Осы айдардан:

Сапарға дайындалғанда неге мән береміз?
12.08.2026

Сапарға дайындалғанда неге мән береміз?

Егжей-тегжейі жазылған нұсқаулық
07.07.2026

Егжей-тегжейі жазылған нұсқаулық

Что нужно знать, чтобы без проблем пройти досмотр
30.06.2026

Что нужно знать, чтобы без проблем пройти досмотр

Туристерге арналған өзекті мәлімет
25.06.2026

Туристерге арналған өзекті мәлімет