2026 жылғы паспорттар рейтингі
Қай елдердің төлқұжаты мықты саналады?
Паспорт адамның азаматтығын ғана емес, шетелге шығу еркіндігін де көрсетеді. Бір паспорттың иесі өзге елге аяқ астынан бара алса, енді бір паспорттың иесі өйту үшін алдын ала дайындалады, құжат жинайды, виза жасатады.
Мына мақалада дүниежүзіндегі паспорттардың мықтылығын салыстырамыз. 2026 жылы қай елдің азаматтарының шетелге шығу еркіндігі көбірек екенін, Қазақстан осы тізімде нешінші орында тұрғанын анықтаймыз.
Паспорт күші деген не? Саяхатшыларға оның не маңызы бар?
Паспортыңыздың күші шетелге қаншалықты емін-еркін шыға алатыныңызды көрсетеді. Неше ел сізден виза сұрамаса, паспортыңыз соншалықты мықты деген сөз, ал құжатыңыз қаншалықты мықты болса, тізімде соншалықты жоғары тұрады.
Паспорты мықты саяхатшы:
- Аяқ астынан баратын елі көп болады;
- Виза жасауға уақыт жұмсамайды, виза жасатса да, ақысын азырақ төлейді;
- Визасын көп күтпейді, оны жасату үшін сұхбатқа бармайды;
- Билет алғанда, маршрут құрастырғанда көбірек варианты болады;
- Виза берілмей қалса, ұшпай қалады деген жағдай азырақ болады.
Бірақ паспорттың мықтылығы оның сапасы, сол паспортты шығарған елдің тұрмыс деңгейі мен азаматтарын қорғау деңгейін көрсетпейді. Бұл рейтинг бар-жоғы жүріп-тұру еркіндігін көрсетеді.
Оған қоса, турист бір елге виза алмай бара алса, сол елдің шекарадан кедергісіз өтеді деген сөз емес. Оның елге кірер-кірмесін шекара қызметі шешеді, ал турист кіруі үшін қайтатын билетін, тұратын жерінің бронін, сақтандыруы мен жеткілікті қаражаты барын көрсетуі мүмкін.

Паспорттардың «мықтылығы» қалай есептеледі?
Бірыңғай ресми паспорт рейтингі жоқ. Паспорттардың мықтылығын тексеретін түрлі жобалар бар әрі олардың әдістемесі әртүрлі. Сондықтан бір ел әр тізімде түрлі орында тұруы мүмкін.
Ең танымал рейтингілердің бірі — Henley Passport Index. Олар IATA халықаралық әуе транспорты қауымдастығының деректеріне сүйене отырып 199 паспорт пен 277 саяхат бағытын салыстырады.
Белгілі бір елдің азаматы неше елге виза жасатпай бара алса, оның паспорты сонша ұпай алады. Кей елге турист виза жасатпай бара алса да, барғанда алатын виза жасатуға не рұқсат алуға не декларация толтыруға мәжбүр болуы мүмкін. Ол турист кәдімгі не электрондық виза жасатуы керек болса, оның паспортына ұпай берілмейді.
Global Passport Power Rank Mobility Score көрсеткішіне сүйенеді. Бұл индекс мыналарға қарайды: азамат неше елге виза алмай не барғанда жасататын виза, электрондық рұқсат я үш күнде берілетін электрондық виза жасатып бара алатынын санайды.
Паспорттар бірдей ұпай жинаса, визаны мүлдем сұрамайтын елдердің санына басымдық беріледі. Кейде БҰҰ-ның адам дамуы индексі де ескерілуі мүмкін.
Сондықтан әдістердің әртүрлі болғаны елдердің рейтингтегі орындары әртүрлі болатынына себеп. Мысалы, Henley Passport Index-ке сенсек, визасыз режим турист қандай құжат да бір жасатпайды деген сөз, ал Passport Index-те визасыз режимнің қатарында электрондық рұқсат пен барғанда алатын виза жасату да кіреді.
Негізгі өлшемдер
Паспорт рейтингін құрастырғанда мына белгілер ескеріледі:
- Азамат неше елге виза алмай бара алатыны;
- Азамат неше елге барғанда виза жасата алатыны;
- Азамат неше елге ETA электрондық рұқсатын ала бара алатыны;
- Азамат неше елге барар алдында кәдімгі не электрондық виза жасауға тиіс екені;
- Зерттеуге қосылған елдер саны;
- Паспорттар бірдей ұпай алғанда тағы басқа қандай ережелер ескерілетіні;
Рейтингтер үнемі жаңарып отырады, себебі мемлекеттер кіру ережелерін өзгертіп отырады. Сондықтан бұл рейтингке қарап сапар жоспарлап жүрмеңіз. Шетелге шығар алдында кіру-шығу шарттарын нақтылап алыңыз.
Әлемдегі ең мықты паспорттар
Henley Passport Index-тің 2026 жылғы 16 шілдеде шыққан дерегіне сенсек, бірінші орында Сингапур тұр. Оның азаматтары 192 елге алдын ала виза жасатпай кіре алады. Екінші орында үш мемлекет тұр: Жапония, Оңтүстік Корея мен Біріккен Араб әмірліктері. Олардың халқы 188 елге кедергісіз кіре береді, ал үшінші орында 187 ұпай жинаған Швеция тұр.
Тізімде жоғары тұрған елдердің көбі Еуропа елдері: Швеция, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Испания, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия. Швециядан басқасының бәрі тізімде төртінші орында тұр. Олардың азаматтары виза алмай 186 елге бара алады.
Рейтингтің бірінші ондығында Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада мен Малайзия да бар. Позициясы ең қатты көтерілген ел — БАӘ екен. Ол 2025 жылы сегізінші орынға көтерілсе, 2026 жылы екінші орынға көтерілген.
ТМД елдерінің арасында ең жоғары орын Ресейге тиесілі. Орыстар 114 елге визасыз бара береді. Одан кейін Беларусь (62-орын, 78 ел), Қазақстан (63-орын, 77 ел), Әзербайжан (70-орын, 67 ел), Армения (73-орын, 64 ел), Қырғызстан (77-орын, 59 ел), Өзбекстан (78-орын, 58 ел) тұр.

2026 жылғы паспорттар рейтингі
| Орын | Мемлекет | 227 елдің нешеуі виза сұрамайды |
| 1 | Сингапур | 192 |
| 2 | Жапония | 188 |
| 2 | Оңтүстік Корея | 188 |
| 2 | БАӘ | 188 |
| 3 | Швеция | 187 |
| 4 | Бельгия | 186 |
| 4 | Дания | 186 |
| 4 | Финляндия | 186 |
| 4 | Франция | 186 |
| 4 | Германия | 186 |
| 4 | Ирландия | 186 |
| 4 | Италия | 186 |
| 4 | Люксембург | 186 |
| 4 | Нидерланд | 186 |
| 4 | Норвегия | 186 |
| 4 | Испания | 186 |
| 5 | Аустрия | 185 |
| 5 | Грекия | 185 |
| 5 | Мальта | 185 |
| 5 | Португалия | 185 |
| 5 | Швейцария | 185 |
| 6 | Венгрия | 184 |
| 6 | Польша | 184 |
| 6 | Ұлыбритания | 184 |
| 7 | Аустралия | 183 |
| 7 | Канада | 183 |
| 7 | Чехия | 183 |
| 7 | Латвия | 183 |
| 7 | Малайзия | 183 |
| 7 | Жаңа Зеландия | 183 |
| 7 | Словакия | 183 |
| 7 | Словения | 183 |
| 8 | Хорватия | 182 |
| 8 | Эстония | 182 |
| 9 | Лихтенштейн | 181 |
| 9 | Литва | 181 |
| 10 | Исландия | 180 |
| 10 | АҚШ | 180 |
| 11 | Болгария | 178 |
| 11 | Румыния | 178 |
| 12 | Монако | 177 |
| 13 | Кипр | 175 |
| 14 | Чили | 174 |
| 14 | Гонконг | 174 |
| 15 | Андорра | 170 |
| 16 | Аргентина | 169 |
| 16 | Бразилия | 169 |
| 17 | Сан-Марино | 167 |
| 18 | Израиль | 166 |
| 19 | Барбадос | 163 |
| 19 | Бруней | 163 |
| 20 | Бахама | 158 |
| 21 | Сент-Китс мен Невис | 157 |
| 21 | Сент-Винсент мен Гренадина | 157 |
| 22 | Мексика | 156 |
| 22 | Уругуай | 156 |
| 23 | Сейшел аралдары | 155 |
| 24 | Антигуа мен Барбуда | 154 |
| 25 | Ватикан | 152 |
| 26 | Коста-Рика | 148 |
| 26 | Гренада | 148 |
| 26 | Маврикий | 148 |
| 27 | Панама | 147 |
| 28 | Парагуай | 145 |
| 29 | Доминика | 144 |
| 29 | Тринидад мен Тобаго | 144 |
| 30 | Сент-Люсия | 143 |
| 31 | Макао | 142 |
| 31 | Украина | 142 |
| 32 | Перу | 141 |
| 33 | Сербия | 135 |
| 34 | Тайуан | 134 |
| 35 | Соломон аралдары | 133 |
| 36 | Гуатемала | 132 |
| 37 | Сальвадор | 131 |
| 38 | Колумбия | 130 |
| 39 | Хондурас | 129 |
| 40 | Маршалл аралдары | 128 |
| 40 | Самоа | 128 |
| 41 | Черногория | 127 |
| 41 | Солтүстік Македония | 127 |
| 41 | Тонга | 127 |
| 42 | Тувалу | 124 |
| 42 | Албания | 124 |
| 43 | Никарагуа | 122 |
| 43 | Босния мен Герцеговина | 122 |
| 44 | Грузия | 121 |
| 44 | Кирибати | 121 |
| 44 | Микронезия | 121 |
| 45 | Молдова | 120 |
| 45 | Палау | 120 |
| 46 | Венесуэла | 116 |
| 47 | Ресей | 114 |
| 48 | Қатар | 112 |
| 48 | Түркия | 112 |
| 49 | Оңтүстік Африка Республикасы | 101 |
| 50 | Белиз | 100 |
| 51 | Күвейт | 97 |
| 52 | Мальдив аралдары | 93 |
| 52 | Тимор-Лешти | 93 |
| 53 | Экуадор | 92 |
| 54 | Сауд Арабиясы | 91 |

Қазақстан паспортының күші
Henley Passport Index-тің 2026 жылғы 16 шілдеде шыққан деректеріне сенсек, Қазақстан 63-орында тұр. Қазақстан паспорты барлар 77 елге алдын ала виза алмай бара алады. Бұл орынды Қазақстан Боливия мен Тайландпен бөліскен.
ТМД елдерінің арасында еліміз Ресей мен Беларусьқа ғана есе жіберіп тұр. Ал қалған елдер (Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) Қазақстаннан кейінгі орындарда тұр.
Қазақстан азаматтары виза алмай көрші елдерге, Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасының елдеріне бара алады, бірақ Шенген аймағының елдері, Ұлыбритания, АҚШ пен Канадаға алдын ала виза жасатып баруға тиіс.

Ең әлсіз паспорттар
2026 жылғы паспорт индексінде ең соңғы орында тұрғандар:
- Ауғанстан — 104-орын, одан 22 ел виза сұрамайды;
- Сирия — 103-орын, 25 ел;
- Ирақ — 102-орын, 28 ел;
- Пәкістан — 101-орын, 29 ел;
- Йемен — 100-орын, 30 ел;
- Сомали — 99-орын, 32 ел;
- Непал — 98-орын, 34 ел;
- Солтүстік Корея пен Бангладеш — 97-орын, 35 ел;
- Палестина аумағы мен Иран — 96-орын, 37 ел.
Паспорттың әлсіздігіне көбіне-көп елдің саяси жағдайы, қарулы қақтығысы, қауіпсіздік мәселелері мен халықаралық келісімдердің аздығы себеп болады. Бірақ рейтингтер паспорттардың мықтылығын ғана бағалайды.


